|
|
|
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасын қайта ұйымдастыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының «Орталық ғылыми кітапхана» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің» Орталық ғылыми кітапхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін. 3. Кәсіпорынның негізгі міндеттері: 1) ғылым, өндіріс, білім және мемлекеттік басқару саласындағы мамандарға кітапханалық-библиографиялоық және ақпараттық қызмет көрсету; 2) кітапханатану, библиографиятану, кітаптану, қолжазбаларды ғылыми сипаттау және кітапханалық-ақпараттық процестерді автоматтандыру салаларында зерттеу және әдістемелік жұмыстарды орындау деп белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде: 1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін; 2) оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін. 5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |