| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Мемлекеттік меншік объектілерін басқарудың тиімділігін арттыру Заңды және жеке тұлғалардың пайдалануына берiлген мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тиiмдi пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Меншіктiң мемлекеттік нысанындағы орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ведомстволар, заңды тұлғалар мемлекеттік меншiк объектілерiн заңды және жеке тұлғаларға (жалға, сенiмдi басқаруға және басқаға) беру туралы шарттар (келісімшарттар) жасасқан кезде осы тұлғалардың мемлекет меншiгiндегi объектiлерге байланысты барлық мәмiлелер бойынша есептердi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiрy комитетiне немесе тиiстi жергiлiкті атқарушы органға тоқсан сайын ұсыну мiндеттемесін көздесiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен: 1) осы қаулы қабылданғанға дейiн жасалған шарттарға (келісімшарттарға) көрсетілген есептердi ұсыну жөнiнде заңды және жеке тұлғалардың мiндеттемелерiн бекiтетiн толықтырулар енгiзуге шаралар қолдансын; 2) бiр ай мерзiм iшiнде заңды және жеке тұлғалардың көрсетiлген есептердi ұсынудың тәртібін әзiрлеп, бекiтсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |