|
|
|
Қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1. Көкшетау облысының әкіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға арналған резерв қорынан жылу беру радиаторларын, құбырлар, бекiткiштер, қалақшалар сатып алу үшiн, инженерлiк жүйелер мен жылу беру жүйелерiн жөндеу үшiн 45 (қырық бес) млн. теңге бөлiнсiн. Аварияны жоюға жетпей тұрған сома жергiлiктi бюджет, сондай-ақ мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражаты есебiнен жабылсын. 2. Көкшетау облысының әкімі 1997 жылдың бiрiншi тоқсанының нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiне орындалған жұмыстың көлемi мен құны туралы баяндасын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi бөлiнетiн қаражаттың қатаң мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi (Н.М. Макиевский) болған аварияның себептерi мен оған кiнәлi адамдарды 10 күн мерзiм iшiнде анықтап, Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндасын. 5. Өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Т. Дүйсеновке жүктелсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |