Жұмыс тобының құрамы туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 25 қарашадғы № 1176 қаулысымен осы өкімнің күші жойылды "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы № 1533 қаулысымен бекітілген 1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды Жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесi реформасын әзiрлеу мақсатында: 1. Зейнетақы жүйесi реформасы Тұжырымдамасының жобасын әзiрлеу жөнiнде жұмыс тобының құрамы бекітілсiн. 2. Тұжырымдаманың және Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету реформасының бағдарламасын әзiрлеуге қатысушы министрлiктер мен ведомстволардың басшылары ведомстволық жұмыс топтарын құрсын және олардың өзара iс-қимылын ұйымдастырсын. 3. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі 1997 жылғы 31 қаңтарға дейiнгi мерзiмiнен кешiктiрмей актуарлы есеп-айырысулар жүргiзу үшiн зейнетақымен қамтамасыз етудiң жай-күйi туралы бастапқы ақпаратты тапсырсын. 4. Жұмыс тобы 1997 жылғы ақпанда: 1 ақпанда - Еңбекәлеуметминi мен Ұлтбанкi ұсынған Тұжырымдаманың нұсқаларын талқылауды; 8 ақпанда - Тұжырымдаманың үлгiсiн талқылауды; 15 ақпанда - Тұжырымдама жобасының түпкiлiктi нұсқасын әзiрлеудi жүргiзсiн. 5. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 13 тамыздағы № 385 өкімі; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 30 қыркүйектегi № 458 өкімі. Премьер-Министр Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 қаңтардағы № 16 өкіміне қосымша Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|