|
|
|
"Мұнайгаз" мемлекеттік холдинг компаниясының таратылуы туралы Каспий құбыр желісі консорциумында, сондай-ақ "Қазтүрiкмұнай", "Қарақұдықмұнай" бiрлескен кәсiпорындарында, "Дунга" кен орнын игеру жөніндегі "Оман Ойл Компани" компаниясымен контрактiде және басқа жобаларда қаржылық және өзге де халықаралық мiндеттемелерi бар "Мұнайгаз" мемлекеттік холдинг компаниясының таратылуымен байланысты: 1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесiп, ағымдағы жылдың 20 сәуiрiне дейiн мерзiмде таратылатын "Мұнайгаз" мемлекеттік холдинг компаниясының орнына Каспий құбыр желісі консорциумында, сондай-ақ "Қазтүрiкмұнай", "Қарақұдықмұнай" бiрлескен кәсiпорындарында, "Оман Ойл Компани" компаниясымен контрактiде қатысушыны айқындасын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң комиссиясы "Мұнайгаз" мемлекеттік холдинг компаниясының мөрiн Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігіне қайтарсын, персоналдарының есеп айырысуын және халықаралық мiндеттемелер бойынша түскен қаржыларды республика бюджетiне жiберудi қамтамасыз етсiн. Таратылатын "Мұнайгаз" мемлекеттік холдинг компаниясының есеп айырысу шоты бойынша бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жанындағы Қазынашылығына жүктелсiн. 3. Тарату комиссиясы "Мұнайгаз" мемлекеттік холдинг компаниясының қаржылық аудитi, оның дебиторлық және кредиторлық берешегiн өтеу, еңбек келісімдерiн реттеу жөніндегі жұмысты жалғастырсын. Премьер-Министр
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |