| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының тұрғындарын Орталық Азия мемлекеттерi мен Ресей Федерациясы Үкіметі басшыларының 1994 жылғы 11 қаңтардағы Нөкiс қаласындығы шешiмiмен қабылданған таяудағы 3-5 жылға арналған Арал теңiзi бассейніндегі экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі нақты әрекеттердiң бағдарламасына сайкес, аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуын ескере отырып, сондай-ақ сумен жабдықтау жөніндегі Пилоттық жобаны (бұдан әрi - Пилоттық жоба) iске асыруды жеделдету және Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкінің 7,0 (жетi) млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі заем қаражатын және республикалық бюджеттен 200,0 (екi жүз мың) АҚШ долларына бағамды коса қаржыландыру қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны қаржыландыруға бағытталған 7 200 000,00 (жетi миллион екi жүз мың) АҚШ доллары сомасындағы қаражатты бөлу бекітілсiн. 2. Пилоттық жобаны басқару және оның iске асырылуы үшiн жауапкершiлiк - Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң жанындағы Арал өңiрiнде су шаруашылық жобаларын жүзеге асыру тобына, ал заемның қаражаты мен республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуы үшiн - Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетiне жүктелсiн. 3. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкi арасындағы 1997 жылғы 24 қаңтардағы заем туралы Келісімдi (Сумен жабдықтау жөніндегі пилоттық жоба) бекіту туралы" 1997 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Заем туралы Келісімге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мыналар белгiленсiн: 1) Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкінің заем қаражатынан қаржыландырылатын Пилоттық жоба шеңберіндегі жабдықтардың, оларды құрайтын босалқы бөлшектердiң, суқұбыры желiлерiн салу үшiн қажеттi материалдардың және көрсетiлетiн қызметтердiң импорты жоғарыда аталған Заем туралы келісімнiң ажыратылмас бөлiгi болып табылатын, 1985 жылғы 1 қаңтардағы Заемдар мен кепілдiктер туралы шарттарға қолданатын Жалпы ережелердiң 5.08 параграфына сәйкес қосылған құнға салынатын салықтан және кеден бажынан босатылады; 2) Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкінің заем қаражаты есебiнен бейрезиденттiң кiрiсi бейрезидент резидентi болып табылатын мемлекетпен арадағы Қосарланған салық салуды болдырмау туралы қонвенцияның ережелерiне сәйкес салық салуға жатады; 3) Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкінің заем қаражаты есебiнен кiрiс алатын бейрезидент резидентi болып табылатын мемлекет арасында Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция болмаған жағдайда, онда мұндай бейрезиденттiң кiрiсi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық салуға жатады. 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi Қызылорда облысының әкімімен бiрлесiп, заем қаражатына алынған тауарлар мен қызмет көрсетулердiң есебiн жүргiзсiн, сондай-ақ ай сайын қаржылық есеп, және тоқсан сайын - Пилоттық жобаның iске асырылу барысы туралы есептердi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Сыртқы қарыз алу жөніндегі комитетiне тапсырып тұрсын. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Сыртқы қарыз алу жөніндегі комитетi заемның iске асырылуын жалпы үйлестiрудi, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алудың жүргiзiлуiн, сондай-ақ келісімшарттардың жасалуын және Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкінің ережелерiне сәйкес олар бойынша төлемдердi бақылауды жүзеге асырсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 шілдедегі № 1066 қаулысымен бекітілген N Санаты ХКДБ Қазақстан Республикасы тарапынан Үкіметінің тарапынан АҚШ долл. АҚШ долл. қаржыландыру қаржыландыру 1 2 3 4 1 Құрылыс жұмыстары 5 900 000 - 2 Тауарлар сатып алу 45 000 - 3 Консультациялық 600 000 200 000 қызмет көрсетулер 4 Бөлінбеген сома 455 000 - Барлығы: 7 000 000 200 000
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |