| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Әлеуметтік жеке кодты қолдану жөніндегі жұмысты күшейту туралы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында және "Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Заңды тұлғаларға, сондай-ақ кәсiпкерлiкпен және өзге де қызметпен заңды тұлға құрмай айналысатын жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен бiрлесiп 1999 жылдың 1 шiлдесiне дейiн жұмысқа қабылданған қызметкерлерге әлеуметтiк жеке кодтар тағайындау жөніндегі жұмысты 1999 жылдың 15 қыркүйегiне дейiн аяқтау; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне екiншi деңгейдегi банктердiң мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жөніндегі төлем тапсырмасын оған қоса берiлетiн жеке тұлғалар тiзiмiнде әлеуметтiк жеке кодын көрсете отырып қабылдаудың шарттарын орындауын қамтамасыз ету ұсынылсын. 2. Осы қаулы баспасөзде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |