|
|
|
"Алатау" қонақ үйiн қайта жаңартудың инвестициялық жобасын қаржыландыру "Алатау" қонақ үйiн қайта жаңартуды аяқтау және Түрiк Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық шеңберiнде бұрын берiлген несие бойынша берешектi өтеудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсiпорнының "Emsas Insaat, Tourism, Ticaret ve San.A.S." фирмасымен "Алатау" қонақ үйi кешенiн басқаруға беруге жасасқан келісім-шарт мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкi: "Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсiпорны ұсынған жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiне, келісім-шарт пен несие беруге байланысты басқа да құжаттарға, сондай-ақ сұралып отырған несиенiң қосымша көлемiне кепiлдемелер мен кепiлдiктi қамтамасыз етуге банктiк сараптама жүргiзсiн; "Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсiпорнымен белгiленген тәртiппен қосымша несие келісімiн жасасын; "Медеу-Эмсаш-Алатау" бiрлескен кәсiпорнының аванстық төлемдi, берiлген несие сомасын және ол бойынша проценттердi төлеуiн, сондай-ақ бiрлескен кәсiпорын жұмсаған банк шығыстарын өз қаражаты есебiнен бақылау жасасын; 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулының орындалуына бақылау жасасын. 4. "Түркия Республикасының Үкіметі беретiн кредит есебiнен қаржыландырылатын жобалар тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 тамыздағы № 866 қаулысына 1-қосымшаға мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: "Жастартурспортминi "Алатау" қонақ 2 "Эмсаш" фирмасы" үйiнiң кiшi қанатын қайта жаңарту деген жолдағы "2" деген сан "4,45" деген санмен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |