|
|
|
«Қостанай спирт зауытының мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Сыртқы инвестицияларды, озық технологияларды және басқарудың қазiргi заманғы әдiстерiн пайдалана отырып Қостанай спирт зауытының құрылысын аяқтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен: «Тағам» акционерлік компаниясымен жасалған, Қостанай спирт зауытын басқару құқығына арналған 1996 жылғы 22 ақпандағы № 44/96 келісім-шартты бұзу жөнiнде шаралар қабылдасын; республиканың фосфор саласындағы шаруашылық серiктестiктерiнiң «ЛУКойл-Қазақстан» акционерлік қоғамына берешектерiн ескере отырып, спирт өндiруге арналған кешендi импорттық жабдықты (Спейшим, Франция) мүлiктiк жалға алу шарты бойынша «ЛУКойл-Қазақстан» акционерлік қоғамына берсiн. 2. «Қостанай спирт зауытының құрылысын аяқтау және iске қосу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 қаңтардағы № 116 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |