|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген 1999 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектердi өтеудiң тәртібі туралы ережеде: 8-тармақтың бiрiншi абзацындағы "бiр" деген сөз алынып тасталсын; 12-тармақта: үшiншi абзацтағы соңғы сөйлем алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын: "Анықтамада Астана қаласындағы салық органдарында 1999 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркелген берушiлер бойынша негiзгi борыш өсiмақылар және айыппұлдар көрсетiле және берешектердiң сомасын Қазақстан Республикасы Президентінің "Астана қаласының арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 1996 жылғы 9 қазандағы № 3127 Жарлығымен бекітілген Астана қаласының арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде белгiленген 1999 жылға арналған нормативтер бойынша республикалық бюджет пен Астана қаласы бюджетiнiң арасында бөлiне отырып, төлемнiң әрбiр түрi бойынша берешектiң жалпы сомасы көрсетiледi."; 46-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Бұл ретте төлем тапсырмасында мынадай деректемелердi көрсету мiндеттi: МФО; шоттың нөмiрi; берушiнiң (салық төлеушiнiң) атауы; реттік нөмірімен бірге тоғыз мәнді тіркеу коды, "Кредиторлық берешекті өтеу" деген сөздер және төлемді тағайындаудың мәтіндік кеңістігіндегі төлемдердің түрлері бойынша сомалар; төлем тағайындау коды (107101); шығыстардың он мәнді коды (бюджеттік ұйымдар үшін); төлемнің жалпы сомасы."; 50-тармақтағы "қазынашылықтың аумақтық органының растауында" деген сөздер "төлем тапсырмасында" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |