|
|
|
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң 1999 жылдың 14 қыркүйегiнде Алматы қаласында Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм бiлдiру шаралары жөніндегі кеңеске (бұдан әрi - АӨСШК) қатысушы елдердiң сыртқы iстер министрлерiнiң кездесуiн өткізу туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі: 1) қажеттi құжаттарды дайындасын және АӨСШК-ге қатысушы елдердiң сыртқы iстер министрлерi кездесуiнiң бағдарламасын әзiрлесiн; 2) хаттамалық iс-шараларды өткізудi қамтамасыз етсiн; 3) Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың кездесуге қатысуы үшiн қажеттi материалдарды дайындасын. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Президентi Іс Басқармасының негiзделген шығыс сметалары мен растайтын құжаттарды ұсынуы бойынша республикалық бюджетте өкiлдiк шығыстарға көзделген қаражаттың есебiнен АӨСШК-ге қатысушы елдер сыртқы iстер министрлерінің кездесуiн өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) кездесуге қатысушыларды орналастыруды, көлiктiк қызмет көрсетудi қамтамасыз етсiн, Қазақстан Республикасы Президентiнің атынан қабылдау ұйымдастырсын. 5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әуежайда, тұратын және баратын жерлерінде қатысушы елдер делегацияларының қауіпсіздігін, сондай-ақ жүру бағыттары бойынша ілесіп жүруді қамтамасыз етсін. 6. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі белгіленген тәртіппен қатысушы елдер делегацияларының арнайы ұшақтарына қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін. 7. Алматы қаласының әкімі әуежайды, жүру бағыттарын және кездесулер өткізілетін жерлерді тиісінше безендіруді қамтамасыз етсін. 8. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін. 9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |