|
|
|
"Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жұртшылықтың хабардар болу деңгейін көтеру, сондай-ақ статистикалық қызмет көрсетулерді тұтынушыларға сапалы жалпыға бірдей қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және белгіленген тәртіппен оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ жарғылық қорын қалыптастырсын. Аталған Кәсіпорынның негізгі міндеттері: статистикалық ақпаратты басып шығару, тарату және сату; статистикалық жинақтарды, бюллетеньдерді, статистикалық есептілік нысандарының бланкілерін басып шығаруға байланысты полиграфиялық қызметтер; маркетингтік зерттеулер саласында қызметтер көрсету болып табылады. 3. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: реттік нөмірі 414-жол алынып тасталсын: мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 480 және 481-жолдармен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі: 480 Қазақстан Республикасы Алматы қаласы; Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық- есептеу орталығы (шаруашылық жүргізу құқығында), 481 Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы - Қазстатақпарат жергілікті жерлердегі филиалдарымен (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы". 4. "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 наурыздағы № 325 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында). 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |