|
|
|
Көкшетау қаласының жылумен жабдықтау объектілерінің жай-күйін Көкшетау қаласының жылумен жабдықтау объектiлерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезек күттiрмейтiн мұқтаждары есебiне Ақмола облысының әкіміне 213 000 000 (екi жүз он үш миллион) теңге, оның iшiнде: 130 000 000 (бiр жүз отыз миллион) теңгенi - № 2 Көкшетау аудандық қазандығы кешенiн пайдалануға берудi аяқтау үшiн; 83 000 000 (сексен үш миллион) теңгенi жылу тораптарын қалпына келтiру үшiн бөлсiн. 2. Ақмола облысының әкімі бөлiнген ақшаны уақытылы игеру және Көкшетау қаласының жылумен жабдықтау объектiлерiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлiнетiн қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |