|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 наурыздағы № 755 тапсырмасын орындауға және "Қазақстан - 2030" Стратегиясының "Кәсiпқой ?кімет" ұзақ мерзiмдiк басымдығын iске асыру, мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру, оларды Қазақстан Республикасының астанасында мемлекеттік басқарудың орталық органдары - оқу-практикалық базасымен тiкелей жақындықта оқыту жөніндегі бас мекеме ретiнде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясына топтастыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын Астана қаласына кезең-кезеңiмен орналастыруға байланысты 1999-2000 жылдарға арналған қоса берiлiп отырған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен бiрлесiп, 1999 жылғы қазаннан бастап, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетiнiң базасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының мемлекеттік қызметшiлердiң біліктiлiгiн арттырудың бағдарламасын iске асыруды ұйымдастырсын. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi (келісім бойынша) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң оқу-әдiстемелiк жоспарлар мен мемлекеттік қызметшiлердiң біліктiлiгiн арттыру жоспарларын бекiтудiң мәселелерi бойынша актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 4. Астана қаласының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын Астана қаласына орналастыру үшін қажетті мекемені (ғимаратты) бөлу жөнінде ұсыныс енгізсін. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп Жоспардың 1999 жылғы іс-шараларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві қаражатының есебінен қаржыландырудың тәртібі жөнінде ұсыныс енгізсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 1435 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын Астана қаласына кезең-кезеңімен орналастыруға байланысты 1999-2000 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспары _________________________________________________________________________ N Іс-шаралар Атқару Атқаруға мерзімі жауаптылар _________________________________________________________________________ 1 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 1999 жылғы қазан- Мемқызмет істері университетінің базасында мем. 2000 жылғы жөніндегі агенттік лекеттік қызметшілердің білік. қыркүйек (келісім бойынша), тілігін арттыру бағдарламасын Ғылым және жоғары іске асыру жөніндегі жұмысты біліммині, ұйымдастыру Мемқызмет академия. сы (келісім бойын. ша), Еуразия универ. ситеті 2 Оқу-әдістемелік бағдарламалар 1999 жылғы Мемқызмет істері мен жоспарларды және білікті. қыркүйек-қазан жөніндегі агенттік лікті арттыру жоспар-кестелерін (келісім бойынша) бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің актіле. ріне өзгерістер мен толықтыру. лардың жобаларын енгізу 3 Қазақстан Республикасы Прези. 1999 жылғы Астана қаласының дентінің жанындағы Мемлекеттік 1 қарашаға әкімі, ҚР Прези қызмет академиясы үшін қажетті дейін дентінің ІБ үй-жайлар бөлу (келісім бойынша) 4 Қажетті жобалық-сметалық 1999 жылғы Мемқызмет құжаттаманы дайындау қараша академиясы (келісім бойынша) 5 Жаңа оқу жылына орындар 1999 жылғы Мемқызмет дайындау және Астана қаласын. қыркүйек- академиясы дағы оқу процесін ұйымдастыру 2000 жылғы (келісім бойынша) қыркүйек
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |