|
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Сырттан қарыз алу Мемлекеттік органдардың құрылымын оңтайландыру және үкiметтiк қарыз алуды тарту процестерiн реттеу мониторинг пен есепке алуды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Сырттан қарыз алу жөнiндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) оның функциялары, мүлкi мен iстерiн басқару жөніндегі өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берiле отырып таратылсын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен: 1) Комитеттi таратуды жүзеге асырсын; 2) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн. 3. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Сырттан қарыз алу жөніндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 14 мамырдағы № 574 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 19, 201-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары - Қаржы министрi О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |