|
|
|
Америка Құрама Штаттарының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 20 мамырдағы Америка Құрама Штаттарының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арасындағы жәрдем көрсетудi жеңiлдету жөніндегі ынтымақтастыққа қатысты келісімнiң (бұдан әрi - Келісім) негiзiнде iске асырылатын "Жаңа Тәуелсiз Мемлекеттер үшiн Жаппай Қырып-жою Қаруларын Таратуды Болдырмау жөніндегі бастамалар" бағдарламасын (бұдан әрi - NIS-IPP бағдарламасы) одан әрi жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ Келісімнiң 4-бабын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Ескерту: 1, 2 тармақтар ҚР Үкіметінің 21.05.01 ж. № 668 қаулысымен алынып тасталды 3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлiгі белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне: Келісімге Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың Келісімнiң шеңберiнде алатын кiрiстерiн босату туралы толықтырулар енгізу туралы ұсыныс; толықтыруларды ескере отырып, Келісімдi бекіту туралы Заңның жобасын енгiзсiн. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн. Ескерту: 4 тармақ ҚР Үкіметінің 21.05.01 ж. № 668 қаулысымен өзгерді 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |