| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Алматы және Қарағанды маргарин зауыттарын жеке жоба бойынша жекешелендiру Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Алматы және Қарағанды маргарин зауыттары үшiн инвесторлар таңдау мақсатымен конкурс өткiзудiң тәртібі мен шарттарын реттейтiн, Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 9 қыркүйектегi № 388 өкіміне сәйкес жекешелендiру комиссиясы әзiрлеген құжаттар тұтасымен мақұлдансын. Конкурстың негiзгi шарттары: Алматы және Қарағанды маргарин зауыттарын акционерлік қоғамдар етiп қайта құру; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң бастапқыда инвесторға фабрика акцияларының 49 процентiн сатуы; әрбiр зауыт бойынша акциялардың жалпы санының 10 процентi болатын атаулы артықшылықты тегiн акциялардың шығарылуы мен зауыттардың бұрынғы және қазiргi қызметкерлерiне берiлуiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң қамтамасыз етуi; акциялардың бастапқы 49 процентi сатылған күннен бастап бес жыл бойы әрбiр зауыт бойынша "Алтын акцияның" Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiнде сақталуы; акциялардың бастапқы 49 процентiн сату-сатып алу туралы шарт жасасылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде зауыттар акцияларының қалған бөлiгiн сол инвесторларға сату мүмкiндiгi. 2. Жекешелендiруден кейiн: екi зауыт та дәмдi тағам өнеркәсiбiнiң өнiмi үшiн белгiленген рентабельдiлiктiң ең жоғары деңгейiнен, еркiн баға мен тарифтер декларациялаудан, мемлекеттік тапсырысты орындау жөніндегі мiндеттемелерден, сондай-ақ өнiм шығару үшiн сатып алынатын шикiзат көлемiне Қазақстан Республикасы шебiнде қойылатын шектеулерден босатылады. зауыттарға қазiргi кезде орналасқан жер учаскелерiн шаруашылық қызметiн жүзеге асыратын бүкiл кезеңге жалдау құны берiледi деп белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 24 маусымдағы № 249 Жарлығының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "3. "Тағам" мемлекеттік акционерлік компаниясы Түркия беретiн кредиттiң Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің тағамдық саломас жеткiзiлген кездегi бағамы бойынша шикiзат алынғаннан кейiн бiр жыл iшiнде теңгемен өтелуiн қамтамасыз етсiн". 4. "Тағам" мемлекеттік акционерлік компаниясы, Алматы және Қарағанды маргарин зауыттары "Қазтамақөншикiзат" республикалық сыртқыэкономикалық бiрлестiгi мен Алматы және Қарағанды маргарин зауыты арасында 1993 жылғы 15 қарашада жасасылған саломас жеткiзу жөніндегі № 9 және 10 контрактыларға осы зауыттарды аталған контрактылар бойынша қаржы мiндеттемесi мен басқа да мiндеттемелерден босату үшiн қажеттi өзгерістер енгiзсiн. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiне тапсырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |