|
|
|
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамының Қаржы-несие жүйесін жетілдіру және ауыл шаруашылығында жүргізілетін реформаларды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісе отырып "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамының талаптарын өтеу есебіне қайтарылатын ақшадан (қосымшаға сәйкес): "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау" жабық акционерлік қоғамының 66 (алпыс алты) миллион теңге мөлшеріндегі жарғылық капиталын қалыптастыруды; 1998 және 1999 жылдарға арналған республикалық бюджеттің кіріс бөлігінде салынған қаражаттың бюджетке түсуін; жоғарыда аталған шарттар орындалғаннан кейін, қалған ақшаның есебінен, ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен және ұқсатумен байланысты мақсаттарға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қайта инвестициялауды қамтамасыз етсін. 2. Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.08. № 1334 қаулысымен. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және "Ауыл шаруашылығын қаржылай жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып, бір ай мерзім ішінде талап құқықтарын беру (сату) шартын жасасу құқығына тендер өткізудің тәртібін әзірлесін. 4. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамына бұрын Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдаудың мемлекеттік қорының балансына берілген борышты талап ету құқығын конкурстық негізде беруді (сатуды) ұйымдастыру ұсынылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 желтоқсандағы № 1332 қаулысына қосымша __________________________________________________________________________ |Заң актілері, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің|Сомасы |нормативтік құқықтық актілері |млн. | |теңге |_________________________________________________________________|________ |Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 мамырдағы № 651 | қаулысына сәйкес директивтік және орталықтандырылған |несиелер | 5274,9 |Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 14 желтоқсандағы |№ 1719 қаулысына сәйкес директивті және |орталықтандырылған несиелер 796,9 | |Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 24 ақпандағы |№ 1578 Жарлығына сәйкес мерзімі 2004 жылға дейін |ұзартылған несиелер 1161,1 | |Қазақстан Республикасының 1996,1997 жылдарға арналған |республикалық бюджет туралы Заңға сәйкеc лизингтік қордың |берілген қаражаты 1378,1 | |Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі № 513 | және 1997 жылғы 29 мамырдағы № 901 қаулыларына |сәйкес берілген комбайндар бойынша берешек 1613,3 | |Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 9 маусымдағы |№ 938 ; 1997 жылғы 21 шілдедегі № 1141 және |1997 жылғы 4 тамыздағы N1209 қаулылары бойынша берешек |(Павлодар трактор зауыты) 300 | |Қазақстан Республикасының 1995, 1996, 1997 жылдардың |республикалық бюджеті туралы заңдарына сәйкес шаруа |қожалықтарын дамытуға 1995 жылдан 1997 жылдарға дейін берілген |несиелер 384 | |Қазақстан Республикасының 1998 жылға арналған республикалық |бюджет туралы Заңына сәйкес лизингтік негізде бөлінген қаражат | 529,1 | |Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 мамырдағы № 901 | қаулысына сәйкес "БАСФ"(Германия) және "Зенека-Өсімдіктерді |қорғау"(Ұлыбритания) фирмаларына Алматы облысының борыштарын |өтеу 200,5 | |Павлодар трактор зауытына 1997 жылы аударылған қаражат | 245 | |Барлығы 11882,9 |__________________________________________________________________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |