«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан
ҚР Президентінің 2006.09.01. № 1696 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстанның Даму стратегиясының негiзгi қағидаларын жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі (бұдан былай - Министрлiк) құрылсын. 2. Министрлiкке мынадай негiзгi мiндеттердi атқару жүктелсiн: 1) Қазақстан Республикасының фискальдық және кеден саясатын қалыптастыруға қатысу және осы саясатты iске асыру; 2) кеден iсiн ұйымдастыру және жетiлдiру; 3) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгi мен мүдделерiн қамтамасыз ету; 4) бюджетке салықтардың, төлемдердiң түсуiн және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету; 5) алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына мемлекеттік бақылау жасау; 6) мемлекетке зиян келтiруге әкеп соққан экономикалық қылмыстар мен құқық бұзушылыққа қарсы күрес; 7) экономикалық қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық. 3. Министрлiк Қазақстан Республикасының аймақтық салық және кеден органдарының қызметiне басшылық етедi деп белгiленсiн. 4. Мыналар: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң, Кеден комитетiнiң және Салық полициясы комитетiнiң функциялары және мүлкi мен iстерiне басшылық жасау жөніндегі өкiлеттiктерi жаңадан құрылған министрлiкке берiлу жолымен қайта құрылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|