Заң күшi бар Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасында тауар биржаларын құрудың, олардың жұмыс iстеуiнiң, биржалық сауда жүргiзудiң және тауар биржалары қызметiн мемлекеттік реттеудiң ортақ құқықтық негiздерiн белгiлеу мақсатында осы Жарлықты шығарамын: I бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Тауар биржасының ұғымы 1. Биржалық сауданың белгiлеген тәртібі бойынша белгiлi бiр жерде және белгiлi бiр уақытта ұдайы көпшiлiк сауда өткізу арқылы биржалық тауарлардың көтерме саудасы жөніндегі ұйымдастыру және реттеу қызметiн жүзеге асыратын, кез келген меншiк нысандарына негiзделген заңды ұйым тауар биржасы /текст бойынша бұдан былай - биржа/ болып табылады. 2. Биржа - қызметтер көрсетуден алған табыстары оның шығыстарын өтеуге, биржа мен биржалық инфрақұрылымды ақпараттық-техникалық және әлеуметтiк дамытуға пайдаланатын субъект. 2-бап. Тауар биржасының аясы 1. Биржа өзiне берiлген биржалық лицензияның негiзiнде биржалық тауарлармен көтерме сауда жүргiзуге тiкелей байланысты ұйымдастыру және реттеу қызметiн жүзеге асырады. 2. Биржалардың биржалық саудаға тiкелей байланысты емес сауда, сауда-делдалдық және кез келген басқадай қызметтердi жүзеге асыруға тыйым салынады. 3-бап. Биржалық тауар 1. Биржа белгiленген тәртiппен биржалық саудаға жiберген, айналымнан алынып тасталмаған белгiлi бiр тектес және сападағы тауар, соның iшiнде аталған тауардың экспортына рұқсаты /квотасы мен лицензиясы/, стандартты контрактi мен коносаментi биржалық тауар болып табылады. 2. Биржа көпшiлiк саудаға шығаратын биржалық тауар нормативтiк құжаттама мен қолданылып жүрген стандарттардың талаптарына сай келуге тиiс. 3. Ашық тауар биржалары арқылы ғана өткізуге жататын биржалық тауар тауарлар тiзбесiн және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. 4-бап. Биржалық мәмiле Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|