| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу жөнінде ұсыныстар ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 25 қарашадғы № 1176 қаулысымен осы өкімнің күші жойылды Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу мақсатында: 1. Мынадай құрамда ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын: Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, жетекші Бахмутова Елена Леонидовна - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, жетекшінің орынбасары Жұмыс тобының мүшелері: Беспалинов Тілеуғазы Айтқазыұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Аймақтық, әлеуметтік саясат және бағдарламалар департаментінің Аймақтық және әлеуметтік саясат басқармасы бастығының орынбасары Ким Виссарион Валериевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік бюджет департаменті Бюджеттік саясат басқармасының бастығы Колышпаева Нина Григорьевна - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі Стратегиялық жоспарлау және бақылау департаментінің экономикалық өсу стратегиясы бөлімі бастығының міндетін атқарушы (келісім бойынша) Кравченко Иван Михайлович - Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер конфедерациясының өкілі, "Беккер" бірлескен кәсіпорнының бас директоры (келісім бойынша) Құрманов Алмас Мұхамедкәрімұлы - "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша) Құрманов Жанат Бостанұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Сақтандыруды қадағалау департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша) Мұқашев Марат Жомартбекұлы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаменті заң жобалары басқармасы Заң жобаларын сараптау бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Райханова Қатипа Әділжанқызы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Заң департаменті директорының орынбасары Хамзин Рүстем Назымбекұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік саясат департаментінің директоры 2. Ведомствоаралық жұмыс тобы 2001 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде тиісті заңнамалық кесімдердің жобаларын әзірлесін. Премьер-Министр
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |