|
|
|
Мемлекеттік жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндiрiстiк "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2235 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң ведомостары, 1995 ж., № 9-10, 66-бап) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Мемлекеттік жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндiрiстiк орталығына "Жерге орналастыру жөніндегі Қазақ мемлекеттік жобалау институтын Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндiрiстiк орталығы етiп қайта құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 ақпандағы № 230 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 12, 112-бап) қосымшаға сәйкес өндiрiстiк бөлiмшелердiң негiзiнде еншiлес мемлекеттік кәсiпорындар құруға рұқсат етiлсiн және екi ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен олардың жарғыларын бекiтсiн. 2. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi белгiленген тәртiппен мемлекеттік жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндiрiстiк орталығының (МемжерҒӨБ) жарғысын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiрсiн. 3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |