| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Әскери мүлiктi сатудан және жалға беруден алынған қаражатты пайдалану Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң материалдық базасын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң республикалық бюджетте бекітілген әскери мүлiктi сатудан түсетiн қаражатқа қосымша әскери мүлiктi (қару-жарақты, әскери техника мен объектiлердi, басқа материалдық ресурстарды) сатудан және жалға беруден алған, осы қызметтi жүзеге асыру жөніндегі шығыстарды шегергендегi қаражат толық көлемiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мұқтажына жұмсалады деп белгiленсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген қаражатты аудару үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бюджеттік банкiнде арнайы банкiлiк шот ашсын және ол қаражаттың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мұқтажы үшiн мақсатқа сай жұмсалуын қамтамасыз етсiн. 3. "Әскери мүлiктi сатудан алынған қаражатты пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 қыркүйектегi № 1179-54қ қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |