|
|
|
Қазақстандық қазiргi заман әндерiнiң II конкурсын өткізу туралы Қазақстан эстрада әндерiнiң жанрын дамыту, сондай-ақ шығармашылық қайраткерлерiн жаңа қазiргi заман репертуарын жасауға ынталандыру мақсатында: 1. "Азия дауысы" халықаралық конкурсының аясында қазақстандық қазiргi заман әндерiнiң II конкурсы өткiзiлсiн. 2. Қазақстандық қазiргi заман әндерiнiң II конкурсына қатысушылар үшiн 7 (жетi) мың АҚШ долларына баламды мөлшерде Қазақстан Республикасы Президентінің 1 (бiр) арнайы сыйлығы және әрқайсысы 1200 (бiр мың екi жүз) АҚШ долларына баламды мөлшерде Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлігінiң 6 (алты) сыйлығы белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлігі көрсетiлген сыйлықтарды 1997 жылға арналған республикалық бюджетте 08 "Мәдениет саласында демалыс пен қызметтi ұйымдастыру" функционалдық тобы бойынша мәдениетке арналып көзделген қаражаттың есебiнен төлесiн. 4. Көрсетiлген сыйлықтарды алған адамдарға салық салу "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 Заң күшi бар Жарлығының 34-бабының 5-тармағының 6-тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 5. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлігіне жүктелсiн. Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |