|
|
|
Мемлекеттік ресурстар мен резервтің астығын пайдаланудың тәртібін Астықтың мемлекеттік экспорттық ресурстарының, тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстарын және азық-түліктік астықтың мемлекеттік резервін мемлекеттік басқаруды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді: Ескерту: 1 тармақ ҚР Үкіметінің 28.03.01 ж. № 394 қаулысымен күшін жойды 2. Азық-түліктің, астықтың мемлекеттік резерві "Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңын іске асыру туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1737 қаулысымен айқындалған қаражаттың есебінен, ал тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстары мен астықтың мемлекеттік экспорттық ресурстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұқымдық астықтың мемлекеттік резерві туралы" 1999 жылғы 14 қыркүйектегі № 1390 және "1999 жылдың астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебін жүргізудің, сақтаудың және сатудың кейбір мәселелері туралы" 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1303 қаулыларына сәйкес "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 998 қаулысында көрсетілген қаражаттың есебінен құрылғаны ескерілсін. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" 1998 жылғы 5 қазандағы № 998, "Тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстары туралы" 1999 жылғы 14 қыркүйектегi № 1390 және "1999 жылғы егiннiң астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебiн жүргiзудiң, сақтаудың және сатудың кейбір мәселелерi туралы" 1999 жылғы 2 қыркүйектегi № 1303 қаулыларына сәйкес бөлiнген несиелiк ресурстар есебiнен сатып алынған астықты сатудан түскен қаражат астықтың мемлекеттік экспорттық ресурстарын қалыптастыру үшiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында ашылған және бақылауындағы валюталық және теңгелiк арнаулы шотына қайтарымды негiзде жiберiлсiн. Ескерту: 2 тармақ ҚР Үкіметінің 23.12.99 ж. № 1964 қаулысымен абзацпен толықтырылды; 2 тармақ ҚР Үкіметінің 27.09.00 ж. № 1455 қаулысымен өзгерді Ескерту: 3 тармақ ҚР Үкіметінің 28.03.01 ж. № 394 қаулысымен күшін жойды 4. "Тұқымдық астықтың мемлекеттік резерві туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 қыркүйектегі № 1390 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстары туралы"; 2) кіріспедегі және 3-ші тармақтың 1) тармақшасындағы "мемлекеттік резервін" деген сөздер "мемлекеттік ресурстарын" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 3-ші тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын. 5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасы астығының мемлекеттік ресурстары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 маусымдағы № 815 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 21, 237-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 мауcымдағы № 815 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 19 қазандағы № 1352 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж ., № 33, 418-құжат). 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк астығының мемлекеттік резервiн пайдаланудың Тәртібі 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк астығының мемлекеттік резервiн пайдаланудың тәртібі (бұдан әрi - Тәртiп) азық-түлiктiк астықтың мемлекеттік резервiн қалыптастырудың, орналастырудың, сақтаудың, жаңалаудың, пайдаланудың және толықтырудың жалпы принциптерiн белгiлейдi (бұдан әрi - Басқару). 2. Қазақстан Республикасының азық-түлiк астығының мемлекеттік резервi (бұдан әрi - Мемлекеттік резерв) азық-түлiктiк астықтың мемлекеттік запасы болып табылады және: а) Қазақстан Республикасының жұмылдырушылық мұқтаждарын; б) Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн арналған. 3. Мемлекеттік резервтiң көлемiн жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 4. Мемлекеттік резервтi басқаруды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi - Жауапты орган) мен оның уәкiлеттi органдары жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік резервтi қалыптастыру 5. Мемлекеттік резервтi қалыптастыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң негізiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жыл сайынғы астық сатып алу жолымен Жауапты орган жүргізедi. 3. Мемлекеттік резервтi орналастыру және сақтау 6. Мемлекеттік резерв "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурстық негізде iрiктелетiн Қазақстан Республикасының аумағындағы сақтаушы ұйымдарға орналастырылады. 7. Сақтаушы ұйымдарды iрiктеудi ұйымдастыруды заңдарға сәйкес Жауапты орган жүзеге асырады. 8. Мемлекеттік резервті сақтаушы ұйымдарды конкурстық iрiктеудiң шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Жауапты орган айқындайды. 9. Мемлекеттік резервтi сақтаудың шарттары мен оның есебiн жүргізудiң тәртібі Жауапты органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады. 10. Сақтаушы ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қол сұқпаушылық, сақталушылығы және астықты сақтау технологияларының қажетті талаптарының сақталуы, өртке қарсы қауіпсiздiк үшiн жауаптылықта болады. 11. Сақтаушы ұйымдар талап етуi бойынша Жауапты органға Мемлекеттік резерв бойынша барлық қажетті ақпарат пен есептiлiктi ұсынуға мiндеттi. 12. Мемлекеттік резервтi сақтау жөніндегі шығындар республикалық бюджеттен төленедi. 4. Мемлекеттік резервтi пайдалану және жаңалау 13. Мемлекеттік резервтi пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылады. 14. Мемлекеттік резервті пайдалану кезiнде оның төмендемейтiн запасы белгіленген көлемнiң 50 процентiнен төмен болмауы тиіс. Мемлекеттік резервтiң пайдаланылған көлемiн қалпына келтiру оны пайдалану туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдың ішінде жүргiзiледi. 15. Пайдаланылған Мемлекеттік резервтi толықтырудың көздерi: а) астықтың мемлекеттік экспорттық ресурстары; б) Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын өзге де көздер болып табылады. 16. Мемлекеттік резервтi жаңалауды астықты сақтау технологиясының белгiленген талаптарының негiзiнде Жауапты орган жүзеге асырады. 17. Астықтың мемлекеттік экспорттық ресурстары мемлекеттік резервтi жаңалаудың көзi болып табылады. 18. Мемлекеттік резервтi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында ашылған және бақылауындағы валюталық және теңгелiк арнаулы шоттарында жинақталады. Ескерту: 18 тармақ ҚР Үкіметінің 23.12.99 ж. № 1964: ҚР Үкіметінің 27.09.00 ж. № 1455 қаулыларымен өзгерді 5. Қорытынды ережелер 19. Мемлекеттік резервтiң құпиялылығын қамтамасыз ету режимі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұқымдық астығының мемлекеттік ресурстарын пайдаланудың Тәртібі 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының тұқымдық астығының мемлекеттік ресурстарын пайдаланудың тәртібі (бұдан әрi - Тәртiп) Қазақстан Республикасының тұқымдық астығының мемлекеттік ресурстарын қалыптастырудың, орналастырудың, сақтаудың, жаңалаудың, пайдаланудың және толықтырудың жалпы принциптерiн белгiлейдi. 2. Қазақстан Республикасы тұқымдық астығының мемлекеттік ресурстары (бұдан әрi - Мемлекеттік ресурстар) қайтарымды негiзде Қазақстан Республикасының табиғи зiлзалалар пайда болуының салдарынан тұқымдық материалдың тапшылығын басынан өткерген аймақтарының сұраныстарын қамтамасыз ету үшiн құрылған және соған арналған тұқымдық астықтың мемлекеттік запасы болып табылады. 3. Мемлекеттік ресурстардың көлемiн, жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша 100 мың тонна жоғары өнiмдi сортты тұқымның (үшiншi репродукциядан төмен емес) және тұқымдық материалдың (үш сыныптан кем емес, егін егу стандартының талаптарына сәйкес келетiн тұқымға жарамды азық-түлiктiк бидай астығының) мөлшерiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 4. Мемлекеттік ресурстардың құрамына қолданылып жүрген Мемстандартқа сәйкес жұмсақ үшiншi сыныпты бидайға қайта есептегендегі азық-түлiктiк астықтың кез келген түрлерiнiң сортты тұқымы кiредi. 5. Мемлекеттік ресурстарды басқаруды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі (бұдан әрi - Жауапты орган) мен оның өкiлетті органдары жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік ресурстарды қалыптастыру 6. Мемлекеттік ресурстарды қалыптастыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң негізiнде бұрын тауар өндiрушiлерге берілген тұқымдық қарызды қайтару жолымен Жауапты орган жүзеге асырады. 7. Мемлекеттік ресурстарды одан кейiнгi толтырудың көзi астықтың мемлекеттік экспорттық ресурстары мен Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын өзге де көздер болып табылады. 3. Мемлекеттік ресурстарды орналастыру және сақтау 8. Мемлекеттік ресурстар Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурстық негiзде iрiктелетiн Қазақстан Республикасының аумағындағы сақтаушы ұйымдарға орналастырылады. 9. Сақтаушы ұйымдарды iрiктеудi ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Жауапты орган жүзеге асырады. 10. Мемлекеттік ресурстарды сақтаушы ұйымдарды конкурстық iрiктеудiң шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Жауапты орган айқындайды. 11. Мемлекеттік ресурстарды сақтаудың шарттары мен оның есебiн жүргізудiң тәртібі Жауапты органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады. 12. Сақтаушы ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қол сұқпаушылық, сақталушылығы және астықты сақтау технологияларының қажеттi талаптарының сақталуы, өртке қарсы қауiпсiздiк үшiн жауаптылықта болады. 13. Сақтаушы ұйымдар талап етуi бойынша Жауапты органға Мемлекеттік ресурстар бойынша барлық қажеттi ақпарат пен есептiлiктi ұсынуға мiндетті. 14. Мемлекеттік ресурстарды сақтау Мемлекеттік ресурстардың астықтық тұқымдық қарыз беруiне байланысты сатудан және ауыстырудан алынған қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік ресурстарды пайдалану және жаңалау 15. Мемлекеттік ресурстарды пайдалану Қазақстан Республикасының ?кіметі шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылады. 16. Мемлекеттік ресурстарды жаңалауды тұқымды сақтаудың қабылданған технологиясына сәйкес, сондай-ақ Мемлекеттік ресурстарды сақтауға арналған шығындарды жабуды ескере отырып көктемгi егiс жұмыстары мен астық жинауға дайындық және оларды жүргізу кезеңiнде Жауапты орган жүргiзедi. 17. Жаңалау Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң кепілдіктері немесе Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешімi бойынша қайтарылуын өзгеше қамтамасыз ету болған жағдайда тікелей қайтарымды және коммерциялық негізде жүргізіледі. 18. Мемлекеттік ресурстарды жаңалау мен пайдалану кезінде алынған ақша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында ашылған және бақылауындағы валюталық және теңгелiк арнаулы шоттарында жинақталады. Ескерту: 18 тармақ ҚР Үкіметінің 23.12.99 ж. № 1964; ҚР Үкіметінің 27.09.00 ж. № 1455 қаулыларымен өзгерді 5. Қорытынды ережелер 19. Мемлекеттік ресурстардың құпиялылығын қамтамасыз ету режимі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 қыркүйекте № 1506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы астығының мемлекеттік экспорттық ресурстарын пайдаланудың Тәртібі 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы астығының мемлекеттік экспорттық ресурстарын пайдаланудың тәртібі (бұдан әрi - Тәртiп) Қазақстан Республикасы астығының мемлекеттік экспорттық ресурстарын қалыптастырудың, орналастырудың, сақтаудың, жаңалаудың және пайдаланудың жалпы принциптерiн белгiлейдi (бұдан әрi - Басқару). 2. Қазақстан Республикасы астығының мемлекеттік экспорттық ресурстары (бұдан әрi - мемлекеттік ресурстар) астықтың мемлекеттік запасы болып табылады және: а) қазақстандық астықты беруге мемлекетаралық келісімдердi қамтамасыз ету; б) азық-түлiктiк астықтың мемлекеттік резервi мен тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстарын толықтыру; в) заңдарда белгiленген тәртiппен iшкi астық рыногының конъюнктурасына реттеушiлiк әсер ету; г) азық-түлiктiк астықтың мемлекеттік резервi мен тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстарын жаңалау; д) астықтың экспорттық рыноктарын кеңейту үшiн арналған; и) ерекше жағдайларда егiс науқанының қажеттiктерi үшін. ж) мемлекеттік астықты сақтауға байланысты шығындарды төлеу, бұл ретте сақтау шығындары астықтың мемлекеттік экспорттық ресурстарының сату бағасына енгiзiлуi тиiс. Ескерту: 2 тармақ ҚР Үкіметінің 21.03.00 ж. № 425; ҚР Үкіметінің 27.09.00 ж. № 1455 қаулыларымен толықтырылды 3. Астықтың мемлекеттік ресурстарының көлемiн, жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 4. Мемлекеттік ресурстардың құрамына қолданылып жүрген Мемстандартқа сәйкес жұмсақ үшiншi сыныпты бидайға қайта есептегендегі астықтың кез келген түрi кiредi. 5. Мемлекеттік ресурстарды басқаруды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі (бұдан әрi - Жауапты орган) мен оның уәкiлеттi органдары жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік ресурстарды қалыптастыру 6. Мемлекеттік ресурстарды қалыптастыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң негізiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жыл сайын астық сатып алу жолымен және басқа да көздерден Жауапты орган жүзеге асырады. Ескерту: 6 тармақ ҚР Үкіметінің 21.03.00 ж. № 425 қаулысымен өзгерді 7. Жыл сайын астықтың мемлекеттік экспорттық ресурстарын сатудан алынатын қаражат Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуды қаржыландырудың көзi болып табылады. 8. Мемлекеттік ресурстарға сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша басқа көздердiң есебiнен де қаржыландырыла алады. 3. Мемлекеттік ресурстарды орналастыру және сақтау 9. Мемлекеттік ресурстар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурстық негiзде iрiктелетiн Қазақстан Республикасының аумағындағы сақтаушы ұйымдарға орналастырылады. 10. Сақтаушы ұйымдарды iрiктеудi ұйымдастыруды заңдарға сәйкес Жауапты орган жүзеге асырады. 11. Мемлекеттік ресурстарды сақтаушы ұйымдарды конкурстық iрiктеудiң шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Жауапты орган айқындайды. 12. Мемлекеттік ресурстарды сақтаудың шарттары мен оның есебiн жүргізудiң тәртібі Жауапты органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады. 13. Сақтаушы ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қол сұқпаушылық, сақталушылығы және астықты сақтау технологияларының қажеттi талаптарының сақталуы, өртке қарсы қауiпсiздiк үшiн жауаптылықта болады. 14. Сақтаушы ұйымдар талап етуi бойынша Жауапты органға Мемлекеттік ресурстар бойынша барлық қажеттi ақпарат пен есептiлiктi ұсынуға мiндеттi. 15. Мемлекеттік ресурстарды сақтауға арналған шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Мемлекеттік ресурстардың астығын сатып алу-сату операциясынан ақшалай түсiмдердiң есебiнен жүзеге асырылады. 4. Астықтың мемлекеттік экспорттық ресурстарын пайдалану 16. Мемлекеттік ресурстарды Тәртiптiң 2-тармағының а), б) және в) және и)-тармақшаларында көрсетiлген мақсаттарда пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылады. Ескерту: 16 тармақ ҚР Үкіметінің 21.03.00 ж. № 425 қаулысымен толықтырылды 17. Мемлекеттік ресурстарды Тәртiптің 2-тармағының г), д) тармақшаларында көрсетiлген мақсаттарда пайдалануды (мемлекетаралық келісімдерден тыс экспорт) заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын көлемдерде, Жауапты орган жүзеге асырады. 18. Мемлекеттік ресурстарды іске асырудан алынған ақша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында ашылған және бақылауындағы валюталық және теңгелiк арнаулы шоттарында жинақталады. Ескерту: 18 тармақ ҚР Үкіметінің 23.12.99 ж. № 1964 ҚР Үкіметінің 27.09.00 ж. № 1455 қаулыларымен өзгерді. 19. Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында ашылған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң бақылауындағы "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының валюталық және теңгелiк арнаулы шоттарындағы уақытша еркiн ақшалар заңнамада белгiленген тәртiппен банк депозиттерінде және мемлекеттік құнды қағаздарда орналастырылуына болады. Қаражатты банктер депозиттерiне және мемлекеттік құнды қағаздарға орналастырудан түскен сыйақылар (мүдделер) Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында ашылған және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң бақылауындағы "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының валюталық және теңгелiк арнаулы шоттарына түседi және астықтың мемлекеттік ресурстарын толықтыру үшiн пайдаланылады. Ескерту: 19 тармақ ҚР Үкіметінің 23.12.99 ж. № 1964; ҚР Үкіметінің 27.09.00 ж. № 1455 қаулыларымен өзгерді. 5. Қорытынды ережелер 20. Мемлекеттік ресурстардың құпиялылығын қамтамасыз ету режимі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |