|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Боннда 1997 жылғы 26 қарашада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Қаржы ынтымақтастығы туралы келісім бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкіметі арасындағы Қаржы ынтымақтастығы туралы Келісім (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., № 1, 7-құжат) (1999 жылғы 4 ақпанда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым № 2, 2000 жылғы қыркүйек, 81 бет) Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы арасындағы қалыптасқан достық қарым-қатынастар рухында iс-қимыл жасай отырып, осы достық қарым-қатынастарды әрiптестiк қаржы ынтымақтастығы жолымен нығайтуға және тереңдетуге тiлек бiлдiре отырып, бұл қарым-қатынастарды қолдау осы Келісімнің негiзi болып табылатынын түсiне отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлес қосуды ниет ете отырып, төмендегiлер туралы уағдаласты: 1-бап (1) Германия Федеративтiк Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Yкіметіне немесе екi Үкiметтердiң бiрлесiп таңдаған басқа алушыларына Майндағы Франкфурт қаласының Экономиканы қалпына келтiру жөніндегі кредит институтынан мына мөлшерде ақшалай сомаларды алуына мүмкiндiк бередi: 1. Егер де жобаны қарау қорытындысында оны жүзеге асыруға жәрдемдесу орынды деп белгiленсе, "Шағын және орта кәсiпорындардың пайдасы үшiн кредит желісі (КМУ кредит желісі)" жобасын жүзеге асыру үшiн 15.000.000,00 немiс маркасына (жазбаша: он бес миллион немiс маркасы) дейiнгi несие. 2. Егер де жобаны қарау қорытындысында оны жүзеге асыруға жәрдемдесу орынды деп табылса және, егер оның қоршаған ортаны қорғауға және әлеуметтiк инфрақұрылымды жақсартуға бағытталғандығына байланысты қаражат бөлу жолымен жәрдемдесу үшiн ерекше шарттардың қанағаттандырылғаны расталатын болса, "Арал өңiрiн ауыз сумен қамтамасыз ету" жобасын жүзеге асыру үшiн 10.000.000,00 немiс маркасына (он миллион немiс маркасы) дейiнгi мөлшерде қаржы салымы. (2). Егер де осы Баптың 1-тармағының 2-тармақшасында жобаны жүзеге асыру үшiн онда аталған растауды алуға мүмкiндiк болмаса, онда Германия Федеративтiк Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Yкіметіне Экономиканы қалпына келтiру жөніндегі кредит институтынан осы жобаны жүзеге асыру үшiн көзделген қаржы салымының мөлшерiнде несие алу мүмкiндiгiн бередi. (3) Осы Баптың 1-тармағында аталған жобалар Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Германия Федеративтiк Республикасы Yкіметі арасындағы келісім бойынша басқа жобалармен ауыстырылуы мүмкiн. Егер осы Баптың 1-тармағында айтылған жоба оны жүзеге асыруға қатысты қаржы салымын бөлу жолымен жәрдемдесу үшiн ерекше шарттары қанағаттандырылған, қоршаған ортаны қорғауға, әлеуметтiк инфрақұрылымды жақсартуға немесе кедейлікпен күресу жөніндегі өз бетiнше шара қолдануға бағытталған жобамен ауыстырылса, онда қаржы салымы берiлуi мүмкiн, ал өзге жағдайда несие берiлуi мүмкiн. (4) Егер Германия Федеративтiк Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Yкіметіне Майндағы Франкфурт қаласының Экономиканы қалпына келтiру жөніндегі кредит институтынан осы Баптың 1-тармағында аталған жобаларды жүзеге асыру және оған қызмет көрсету үшiн қажеттi iлеспелi шараларды әзiрлеу немесе қабылдау мақсатымен қосымша несиелер немесе қаржы салымдарын алу мүмкiндiгiн кешiктiрiп берсе, онда осы Келісім қолданылатын болады. (5) Осы Баптың 4-тармағында сәйкес даярлық және iлеспелi шараларды өткізу үшiн бөлiнген қаржы салымы, егер де олар осындай шараларды жүзеге асыруға пайдаланылмаса, несиеге айналады. 2-бап (1) Осы Келісімнің 1-бабында аталған сомаларды пайдалану, оларды бөлу шарттары, сондай-ақ тапсырысты беру тәртібін Германия Федеративтiк Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес Экономиканы қалпына келтiру жөніндегі кредит институты және несие мен қаржы салымдарын алушылар арасында жасасқан шарттар реттейдi. 1-баптың 1-тармағының 1 және 2-тармақшаларындағы аталған сомаларды беруге келісім, егер де келісім жарияланған жылдан есептегенде, сегiз жыл мерзiм бойында тиiстi кредит контрактiлерi немесе қаржыландыру туралы контрактiлер жасалмаса, алынып тасталады. Осы сомаларға қатысты беру мерзiмi 2005 жылғы 31.12 аяқталады. (2) Егер Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өзi несие алушы болып табылмаса, онда ол Экономиканы қалпына келтiру кредит институтына осы Баптың 1-тармағына сәйкес жасалған контрактiлер негiзіндегі мiндеттемелердi орындауға несие алушылар қосатын барлық төлемдердiң немiс маркасымен жүзеге асырылуына кепілдiк бередi. (3) Егер Қазақстан Республикасы Yкіметінiң өзi қаржы салымдарын алушы болып табылмаса, онда ол Экономиканы қалпына келтiру жөніндегі кредит институтына осы Баптың 1-тармағына сәйкес жасалған қаржыландыру туралы контрактілер негiзiнде туындауы мүмкiн ақшалай қаражатты қайтару талабын қанағаттандыруға кепілдiк бередi. 3-бап Қазақстан Республикасының Yкіметі Экономиканы қалпына келтiру жөніндегі кредит институтын осы Келісімнiң 2-бабында аталған контрактiлердің жасалуына және жүзеге асырылуына байланысты Қазақстан Республикасында алынатын барлық салықтар мен басқа алымдардан босатады. 4-бап Адамдар мен жүктердi құрлықпен, теңiзбен және әуе жолымен тасымалдауға несие және қаржы салымдарын беруге байланысты қажеттіліктерге қатысты Қазақстан Республикасының Yкіметі Жолаушылар мен жiберушiлерге тасымалдаушыны еркiн таңдауларын қамтамасыз етедi, Германия Федеративтiк Республикасында тұратын тасымалдаушылардың тең құқылы қатысуын қиындататын немесе болдырмайтын ешқандай шара қолданбайды және олардың қатысуы үшiн қажеттi рұқсаттарды бередi. 5-бап (1) "КМУ кредит желiсі" жобасы герман-қазақстан техникалық ынтымақтастық шеңберiнде өткiзiлетiн "Шағын және орта кәсiпорындарға, кәсiби даярлықты қоса алғанда, жәрдемдесу" консалтингтiк бағдарламасымен өзара iс-қимыл жасау жолымен жүзеге асырылады. Екi жобаны келiсу үйлестiру комитетiнің шеңберiнде жүзеге асырылады. Бiрлескен өкiлдiктi Алматы қаласының Экономикалық зерттеулер институты мен Мюнхен қаласының "ИФО" институты өздерiне алады. Қазақстандық немiстердiң кеңесi үйлестiру комитетiнің бiр мүшесi болып табылады. Yйлестiру комитетi Экономикалық ынтымақтастық пен даму федералды министрлігі мен Шетелдiк кредиттер жөніндегі комитетi (СЕL) алдында есеп бередi. (2) "КМУ кредит желісі" жобасына бөлiнген қаржының бiрдей бөлiгi ең шағын кәсiпорындарға жәрдемге бөлiнедi. Тиiстi егжей-тегжейлердi үйлестiру комитетi анықтайтын болады. 6-бап 1995 жылғы 22-мамырдағы Қаржы ынтымақтастығы туралы келісіммен көзделген "Құрылыс материалдарының өндiрiсi" жобасына байланысты 37.000.000,00 мөлшердегi немiс маркасы (отыз жетi миллион немiс маркасы) несиелерi 1-баптың 1-тармағының 1 және 2-тармақшаларында айтылған қосымша пайдалану мақсаттары үшiн 17.000.000,00 мөлшердегi немiс маркасы (он жетi миллион немiс маркасы), "КМУ кредит желісі" жобасына 12.000.000,00 мөлшердегi немiс маркасы (он екi миллион немiс маркасы) және "Арал өңiрiн ауыз сумен қамтамасыз ету" жобасына 5.000.000,00 мөлшердегi немiс маркасы (бес миллион немiс маркасы) сомаларын беру арқылы қайта бөлiнетiн болады. Осымен "Арал өңiрiн ауыз сумен қамтамасыз ету" жобасы үшiн 5.000.000,00 немiс маркасының (бес миллион немiс маркасы) сомасы бұдан былай қаржы салымы ретiнде берiлетiн болады. 7-бап Осы Келісім Германия Федеративтiк Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметіне Келісімнiң күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттік процедураларды орындағаны туралы хабарлаған күнi күшiне енеді. Осы Келісімнiң күшiне енетiн күнi осындай хабар түскен күннен бастап есептелетiн болады. Бонн қаласында 1997 жылғы 26 қарашада екi дана болып, әрқайсысы қазақ, немiс және орыс тiлдерiнде жасалды. Қазақ және немiс мәтiндерiн түсiндiруде пiкiр алшақтықтары болған жағдайда орыс тiліндегі мәтiнге басымдық берiледi. Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Үкіметі үшін Республикасының Үкіметі үшін
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |