Теңiзшi паспорты туралы ереженi бекіту жөнiнде Қазақстан Республикасы
ҚР Үкіметінің 2005.18.11. № 1134 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Берiлiп отырған Теңiзшi паспорты туралы ереже бекітілсiн және ол 1995 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Сыртқы iстер министрлігінiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Iшкi iстер министрлігінiң келісімi бойынша теңiзшi паспортының үлгiсiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бекітуiне ұсынсын. 2. СССР Министрлер Советiнiң 1974 жылғы 31 желтоқсандағы № 997 қаулысымен бекітілген Теңiзшi паспорты туралы ережеге сәйкес берiлген теңiзшi паспорттарын жаңаларымен ауыстыру 1996 жылдың 1 қаңтарына дейiн жүргiзiлетiн болсын. 3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі "Балық" мемлекеттік акционерлік компаниясының өтiнiмiн ескере отырып, теңiзшi паспорттары бланкiлерiнiң қажеттi санына тапсырыс жасайтын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 1 қыркүйектегi № 977 қаулысымен Бекiтiлген Теңiзшi паспорты туралы Ереже 1. Теңiзшi паспорты шетелге баратын қазақстандық кемелерде немесе шетелдiк кемелерде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi. Теңiзшi паспорты шетелде де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегiнде де оның иесiнiң жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. 2. Теңiзшi паспортының иесiне кеме құрамына кiрген адам ретiнде кемемен Қазақстан Республикасынан кетуiне және Қазақстан Республикасына келуiне, сол сияқты шетелде жүрген өзiнiң кемесiне жеке бара жатқанда Қазақстан Республикасынан шығуына және Қазақстан Республикасына дәл осындай тәртiппен келуiне рұқсат етiледi. 3. Теңiзшi паспортында оның иесi Қазақстан Республикасының азаматы екендiгi көрсетiледi және паспорт иесiнiң жеке басы туралы төмендегiдей мәлiметтер келтiрiледi: фамилиясы, аты, әкесiнiң аты; туған күнi, айы және жылы; туған жерi; белгiлерi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|