|
|
|
Электр энергетикасындағы еншiлес мемлекеттік кәсiпорындардың Электр энергетикасы саласында мемлекеттік меншiктi тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. 1-қосымшаға сәйкес республикалық электр энергетикасы кәсiпорындарына шаруашылық жүргiзу құқығымен еншiлес мемлекеттік кәсiпорындар құруға; 2-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетика жүйесi кәсiпорнына шаруашылық жүргiзу құқығымен еншiлес мемлекеттік кәсiпорындар құруға рұқсат етiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесiп құрылатын еншiлес кәсiпорындарды акционерлеу бағдарламасын әзiрлесiн және 10 күн мерзiм iшiнде бекiтуге Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 қаңтардағы № 118 қаулысына 1 қосымша Республикалық мемлекеттік электр энергетикасы кәсiпорындарының еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесi "Алматыэнерго" Алматы энергетика жүйесiнiң еншiлес мемлекеттік кәсiпорындары 1. № 1 Алматы жылуэлектрорталығы (Алматы ЖЭО-1), Алматы қаласы 2. № 2 Алматы жылуэлектрорталығы (Алматы ЖЭО-2), Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Алғабас поселкесi 3. Алматы мемлекеттік аудандық электрстанциясы (Алматы ГРЭС), Алматы облысы, Энергетик поселкесi 4. Талдықорған электр торабы кәсiпорны (Талдықорған ЭТК), Талдықорған облысы, Талдықорған қаласы 5. Текелi энергокомбинаты, Талдықорған облысы, Текелi қаласы 6. Алматы жылу торабы кәсiпорны (Алматы ЖТК) Алматы қаласы "Алтайэнерго" Шығыс Қазақстан энергетика жүйесiнiң еншiлес мемлекеттік кәсiпорындары 1. Өскемен жылуэлектрорталығы (Өскемен ЖЭО), Өскемен қаласы 2. Лениногор жылуэлектрорталығы (Лениногор ЖЭО), Шығыс Қазақстан облысы, Лениногор қаласы 3. Согрин жылуэлектрорталығы (Согрин ЖЭО), Өскемен қаласы 4. Семей жылуэлектрорталығы (Семей ЖЭО), Семей қаласы 5. Шығыс Қазақстан электр торабы кәсiпорны (Шығыс Қазақстан ЭТК), Өскемен қаласы 6. Семей электр торабы кәсiпорны (Семей ЭТК), Семей қаласы 7. Өскемен суэлектрстанциясы (Өскемен ГЭС), Өскемен қаласы 8. Шульба суэлектрстанциясы (Шульба ГЭС), Семей облысы, Шульба поселкесi "Атырауэнерго" Атырау энергетика жүйесiнiң еншiлес мемлекеттік кәсiпорындары 1. Атырау жылуэлектрорталығы (Атырау ЖЭО), Атырау қаласы "Батысқазэнерго" Батыс Қазақстан энергетика жүйесiнiң еншiлес мемлекеттік кәсiпорындары 1. Орал жылуэлектрорталығы (Орал ЖЭО), Орал қаласы 2. Ақтөбе жылуэлектрорталығы (Ақтөбе ЖЭО), Ақтөбе қаласы 3. Орал электр торабы кәсiпорны (Орал ЭТК), Орал қаласы "Қарағандыэнерго" Қарағанды энергетика жүйесiнiң еншiлес мемлекеттік кәсiпорындары 1. № 1 Қарағанды мемлекеттік аудандық электрстанциясы (Қарағанды ГРЭС-1), Темiртау қаласы 2. Қарағанды жылуэлектрорталығы (Қарағанды ЖЭО), Қарағанды қаласы 3. № 2 Қарағанды жылуэлектрорталығы (Қарағанды ЖЭО), Темiртау қаласы 4. Жезқазған жылуэлектрорталығы (Жезқазған ЖЭО), Жезқазған қаласы 5. Тентек жылуэлектрорталығы (Тентек ЖЭО), Шахтинск қаласы 6. Қаражал жылуэлектрорталығы (Қаражал ЖЭО), Жезқазған облысы, Қаражал қаласы 7. Жезқазған электр торабы кәсiпорны (Жезқазған ЭТК), Жезқазған қаласы "Қостанайэнерго" Қостанай энергетика жүйесiнiң еншiлес мемлекеттік кәсiпорындары 1. Рудный жылуэлектрорталығы (Рудный ЖЭО), Қостанай облысы, Рудный қаласы 2. Арқалық жылуэлектрорталығы (Арқалық ЖЭО), Торғай облысы, Арқалық қаласы 3. Арқалық электр торабы кәсiпорны (Арқалық ЭТК), Торғай облысы, Арқалық қаласы 4. Қостанай жылуэлектрорталығы (Қостанай ЖЭО), Қостанай қаласы "Павлодарэнерго" Павлодар энергетика жүйесiнiң еншiлес мемлекеттік кәсiпорындары 1. № 1 Павлодар жылуэлектрорталығы (Павлодар ЖЭО-1), Павлодар қаласы 2. № 2 Павлодар жылуэлектрорталығы (Павлодар ЖЭО-2), Павлодар қаласы 3. № 3 Павлодар жылуэлектрорталығы (Павлодар ЖЭО-3), Павлодар қаласы 4. Павлодар жылу торабы кәсiпорны (Павлодар ЖТК), Павлодар қаласы "Тыңэнерго" Тың энергетика жүйесiнiң еншiлес мемлекеттік кәсiпорындары 1. № 2 Петропавл жылуэлектрорталығы (Петропавл ЖЭО-2), Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы 2. Ақмола жылуэлектрорталығы (Ақмола ЖЭО), Ақмола қаласы 3. Петропавл электр торабы кәсiпорны (Петропавл ЭТК), Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы 4. Көкшетау электр торабы кәсiпорны (Көкшетау ЭТК), Көкшетау қаласы 5. Көкшетау жылу торабы кәсiпорны (Көкшетау ЖТК), Көкшетау қаласы 6. Ақмола жылу торабы кәсiпорны (Ақмола ЖТК), Ақмола қаласы "Оңтүстiкқазэнерго" Оңтүстiк Қазақстан энергетика жүйесiнiң еншiлес мемлекеттік кәсiпорындары 1. № 6 Қызылорда жылуэлектрорталығы (Қызылорда ЖЭО-6), Қызылорда қаласы 2. N№ 1, 2 Шымкент жылуэлектрорталығы (Шымкент ЖЭО), Шымкент қаласы 3. № 3 Шымкент жылуэлектрорталығы (Шымкент ЖЭО-3), Шымкент қаласы 4. № 5 Кентау жылуэлектрорталығы (Кентау ЖЭО-5), Кентау қаласы 5. Жамбыл энергокомбинаты (ЖЭО және жылу торабы құрамында), Жамбыл қаласы 6. Жамбыл электр торабы кәсiпорны (Жамбыл ЭТК), Жамбыл қаласы 7. Қызылорда электр торабы кәсiпорны (Қызылорда ЭТК), Қызылорда қаласы Маңғыстау атом энергетикасы комбинаты еншiлес мемлекеттік кәсiпорын 1. Маңғыстау электр жүйелерi кәсiпорны Ескерту. Тiзбе толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.04.11. № 423 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 қаңтардағы № 118 қаулысына 2 қосымша "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетика жүйесiнiң еншiлес мемлекеттік кәсiпорындары 1. Автоматизация және информатика орталығы, Алматы қаласы 2. Кадрлар даярлау жөніндегі орталық, Алматы қаласы 3. Сiбiр - Қазақстан - Орал 1150 кВ транзитiн пайдалану жөніндегі кәсiпорын, Қостанай қаласы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |