|
|
|
«Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және
Республика аумағында ВИЧ-инфекциясының одан әрi таралуының, оның әлеуметтiк-экономикалық және саяси салдарын төмендетудiң алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. 1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі шаралар туралы қоса берiлiп отырған жоспар бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, басқа да мүдделi министрлiктер, мемлекеттік комитеттер және өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар 1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі шаралар жоспарын жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн және оны орындауға бақылау орнатсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Үкіметінiң 1996 жылғы 13 ақпандағы № 193 қаулысымен бекітілген
1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі шаралар жоспары
I. Кiрiспе
1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) «Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі Үйлестiру Кеңесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 тамыздағы № 1084 қаулысын орындау үшiн, «Қазақстан Республикасында халықтың денсаулығын қорғау туралы» және «СПИД-тiң алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлендi. Жоспарды жасау кезiнде министрлiктер мен ведомстволардың, облыстардың және Алматы қалалық атқарушы органдарының ұсыныстары, сондай-ақ ВИЧ/СПИД жөніндегі БҰҰ-ның және Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Бiрiккен Бағдарламасының ұсыныстары ескерiлдi. Көрсетiлген Жоспардың басты мақсаты республика аумағында ВИЧ-инфекциясының одан әрi таралуының алдын алу, оның әлеуметтiк-экономикалық және саяси салдарын төмендету болып табылады. II. Қазақстан Республикасында ВИЧ/СПИД жөніндегі эпидемиологиялық жағдайды бақылау
1995 жылдың 1 қаңтарында дүние жүзiнде адам иммунитетi тапшылығы вирусын (ВИЧ) жұқтырған 18 миллион адам және СПИД-пен ауыратын бiр миллионнан астам адам ресми тiркелген, Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша СПИД-пен ауырған адамдардың нақты саны 4,5 млн. адамнан асады. Қазақстан Республикасы халқы ВИЧ-тi жұқтырған және СПИД ауруы жағдайлары тiркелген дүние жүзіндегі 192 елдiң iшiне кiредi. Қазiргi кезде республикада ВИЧ-ке шалдыққан 30 адам, оның iшiнде СПИД жұқтырған 2 бала және 5 ауру анықталып отыр, олардың үшеуi қайтыс болған. СПИД-тi жұқтыру жағдайлары Алматы қаласында және республиканың 11 облысында - Қарағанды, Көкшетау, Солтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Талдықорған, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Торғай және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында тiркелген. 1995 жылғы маусымда Алматы қаласында мерезбен ұштасқан ВИЧ-тi жұқтырудың 2 оқиғасы бiр мезгiлде тiркелдi. ВИЧ факторлары берiлу жолдарын талдау негiзiнен алғанда жұқтырудың гомосексуалдық жолы - 41,2 процент жағдайда басым болатынын, екiншi орында - гетеросексуалдық жол - 29,4 процент, үшiншi орында - парентеральдық берiлу жолы - 17,6 процент жағдайда болғанын көрсетедi. Жыныс жағынан 20-дан 40 жасқа дейiнгi еркектер 81,5 процент құрайды, яғни ВИЧ негiзiнен алғанда өнiмдi жастағы еркектер арасында тiркелуде. III. СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес шараларының тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасының СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жоспарындағы ұлттық саясатының негiзiне мына жағдайлар алынады: ВИЧ/СПИД проблемасы жеке адамның, қоғам мен мемлекеттік өмiрлiк маңызды мүдделерiне қауiп төндiретiн аса маңызды проблема болып танылады; СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес және азаматтарды құқықтық қорғау бойынша қажеттi шаралар кешенiн жүзеге асыру жөніндегі мiндеттердi мемлекет өз мойнына алады; жұмыстың басым бағыты алдын алу болып табылады. СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі шаралар жоспары: ВИЧ/СПИД бойынша азаматтарға толық көлемде диагностикалық, емдеу-алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды көрсетудi; нақты эпидемиологиялық жағдайға сәйкес халықтың, бiрiншi кезекте "қатер тобының" арасындағы ВИЧ-инфекциясына эпидемиологиялық қадағалауды күшейтудi; СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды, оларды қажеттi лабораториялық жабдықтармен және тест-жүйелердiң диагностикалық жиынтықтарымен қамтамасыз етудi, медицина кадрларын даярлауды; халықты, оның iшiнде ВИЧ-ке шалдыққандар мен СПИД-пен ауыратындарды әлеуметтiк қорғауды жүзеге асыруды; ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзудi көздейдi. СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жоспарын қалыптастырған кезде ВИЧ/СПИД-ке тән өзгеше ерекшелiктер ескерiлдi: ВИЧ-тi жұқтырғандарды сауықтыруды және СПИД-пен ауырғандарды толық емдеудi қамтамасыз ететiн алдын алудың өзгеше шаралары мен емдiк дәрi-дәрмектердiң жоқтығына байланысты СПИД ауруы қазаға ұшырататын ауруға жатады; ВИЧ инфекциясы дүние жүзiне тез тарала отырып, пандемия сипатына ие болуда. Неғұрлым жоғары ауру Африка, Америка, Батыс Европа елдерi - Швеция, Франция, Испанияда орын алуда. ТМД мемлекеттерiнде ВИЧ жұқтырудың 2 мың оқиғасы тiркелдi. Қазақстан Республикасы ДДҰ-ның бағалауы бойынша эпидемияның жасырын кезеңiнде тұр, мұның өзi көрсетiлген кезеңдi ұйымдастыру-сақтандыру, алдын алу шараларын дер кезiнде жүзеге асыру мақсатында пайдалану қажеттiгiн туғызады. ВИЧ/СПИД медициналық қырлармен қатар, халық өмiрiнiң саяси, мәдени және басқа да қырларын қозғайды. СПИД-пен ауырудың таралуы еңбекке қабiлеттi жас халықтың арасында аурудың едәуiр мөлшерде болуына орай туудың азаюына байланысты едәуiр әлеуметтiк-экономикалық салдарға және жас халықтың өндiрiс саласынан шығып қалуына, сондай-ақ СПИД-тiң алдын алу және онымен күресте үлкен шығыстарға әкеп соғады; Қазақстан Республикасының ВИЧ-СПИД жөніндегі қолайсыз елдермен халықаралық қарым-қатынастары мен байланыстарының дамуы, сондай-ақ халықтың көшi-қоны ВИЧ-тi шетел азаматтарының әкелуi мен таратуына мүмкiндiк туғызады; ВИЧ-инфекциясының Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарында оқитын осы патология бойынша қолайсыз Африка елдерi студенттерiнiң арасындағы оқиғалары анықталды; ВИЧ-инфекциясының пайда болуы мен таралуы тұрғысында "қатер тобы" - гомосексуалистер, наркомандар, жезөкшелер, тұрақты орны мен жұмысы жоқ адамдар эпидемиологиялық қауiп туғызады; ВИЧ-инфекциясының таралуына жыныс жолдарымен ауруларды беретiн ауру (ЖЖАБ) адамдар мүмкiндiк туғызады. Инфекцияны берудiң жыныстық жолы негiзiнен алғанда ВИЧ үшiн де, сондай-ақ мерез бен соз үшiн де СПИД-пен аурудың көтерiлуiне әкелiп соғатын аурудың көбеюi болып табылады; инфекцияның қан арқылы берiлу мүмкiндiгi қан беретiн және дене мүшелерiн беретiн донорларда ВИЧ-инфекциясының бар екендiгiн мiндеттi түрде зерттеу қажеттiгiне себепшi болады; республика халқының ВИЧ/СПИД туралы жеткiлiктi хабардар болмаушылығы халықтың, ең алдымен оқушы жастардың денi сау өмiр салтын қалыптастыру жөніндегі бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бiрлестiктердiң қатысуы арқылы алдын алу жұмысын күшейтудi, жұқтырудан сақтану жөніндегі адамдардың қауiпсiз мiнез-құлқын қалыптастыруды және халық арасында ВИЧ-инфекциясының таралуын азайтуды қажет етедi. СПИД проблемасы мен оның алдын алу мектептердiң, жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының бағдарламаларына енуi тиiс. IV. Жоспарды жүзеге асыру жөніндегі басшылықтың ұйымдық құрылымы
Басшылықтың республикалық деңгейi "Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі Үйлестiру Кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 тамыздағы № 1084 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Басшылықтың облыстық, қалалық, аудандық деңгейiн денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң) облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдары, СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөніндегі облыс (қала) орталықтары, денсаулық сақтау мекемелерi жүзеге асырады. Жоспарды iске асыруды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Iшкi iстер министрлігі, басқа министрлiктер мен ведомстволар, облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдар жүзеге асырады. СПИД ауруының таралуынан сақтану жөніндегі шараларды қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден, сондай-ақ меншiк нысанына қатыссыз кәсiпорындардың, мекемелердiң, қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың ерiктi жарналарынан, қайырмалдықтар мен қайырымдылық көмектерден, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаржыларынан жүзеге асырылады. ____________________________________________________________________ N | Атауы | Жылдар| Атқарушы | Ескертпе р/с| |бойынша| | | |орында.| | | |лу мер.| | | |зiмi | | ___|___________________________|_______|______________|____________ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 -------------------------------------------------------------------- V. Ұйымдастыру шаралары 1. Жоспарды жүзеге асыру жөнiн. 1996 Облыстық және дегi аумақтық бағдарламалар жылдың қалалық атқа. әзiрлеу 1 рушы органдар тоқсаны VI. Халықтың салауатты өмiр сүруiн насихаттау жөніндегі шаралар 2. Жалпы білім беру мектепте. 1996- Бiлiм министрлi. рiнiң техникалық училище. 2000 гi, Денсаулық лерiнiң, арнаулы оқу орын. жылдар сақтау, минис. дарының, жоғары оқу орын. трлiгi, респуб. дарының жоспарында "СПИД ликаның министр. 02.02.94 жылы және оның алдын алу" проб. лiктерi мен Қазақстан лемасы бойынша оқыту ведомстволары Республика. бағдарламаларын енгізу сының Бiлiм министрлігі 3. "СПИД және оның алдын алу" 1996- Қазақстан Рес. мен Денсаулық проблемалары курсы бойынша 1997 публикасының сақтау минис. жалпы білім беру мектепте. жылдар Бiлiм министр. трлiгi бекiт. рiнiң оқушылары, кәсiптiк- лiгi, Денсаулық кен "СПИД техникалық училищелердiң, сақтау министр. және оның арнаулы орта оқу орындары. лiгi, басқа алдын алу" ның, жоғары оқу орындарының министрлiктер оқу жоспар. оқушылары мен студенттерi мен ведомстволар лары мен үшiн оқу және көрнекi құ. бағдарлама. ралдарды дайындау және лары басып шығару 4. ВИЧ, ЖЖБА профилактикасы 1996 Қазақстан Рес. мәселелерi бойынша адам. жыл публикасының гершiлiк және жыныс тәрбие. Денсаулық сiне арналған кино және сақтау министр. бейнефильмдер, бейнеклиптер лiгi, Бiлiм жасап шығару және олардың министрлігі, бұқаралық ақпарат құралда. басқа мүдделi рында, кинотеатрларда, министрлiктер клубтарда және бейнесалон. мен ведомстволар дарда көрсетiлуiн қамтамасыз ету 5. Облыстық денсаулық орталық. 1996 Қазақстан Рес. тарында және Алматы қала. жыл публикасының сында халықтың әртүрлi топ. Денсаулық тарына - оқушыларға, студент. сақтау министр. терге, жұмысшы жастарға лiгi және басқаларға арналған адамгершiлiк және жыныс тәрбиесi мәселелерi жөнiнде лекторийлер ұйымдастыру 6. Халық арасында көпшiлiкке 1996- Қазақстан Рес. түсiнiктi ақпараттық мате. 2000 публикасының риалдарды - брошюраларды, жылдар Денсаулық сақ. буклеттердi, үндеулер және тау министрлігі, плакаттарды дайындауды, Баспасөз және басып шығаруды және таратуды бұқаралық қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпарат iстерi адамгершiлiк және жыныс жөніндегі тәрбиесi, ВИЧ (СПИД) және ұлттық ЖЖБА мәселелерi бойынша агенттiгi халық арасында лекциялар мен әңгiмелер өткізу 7. Эфир уақытының тегiн берi. 1996- "Қазақстан теле. луiмен СПИД және ЖЖБА проб. 2000 дидары мен радио. лемалары бойынша медицина жылдар сы" Республикалық қызметкерлерiнiң, педагог. корпорациясы, тардың, заңгерлердiң және Қазақстан Респуб. басқа мамандардың қатысу. ликасының Денсау. ларымен теледидар мен лық сақтау минис. радионың тiкелей эфирiнде трлiгi, Бiлiм хабарлар жүргiзу министрлігі 8. Газеттер мен журналдардың 1996- Қазақстан Респуб. редакцияларына өз басылым. 2000 ликасының Баспа. дарында СПИД-тiң алдын алу жылдар сөз және бұқара. және оған қарсы күрес және лық ақпарат iстерi ЖЖБА мәселелерiне арнап жөніндегі Ұлттық жеке беттер берулерiне агенттiгi, Қазақстан ұсыныс жасау Республикасының Мәдениет министр. лiгi, Денсаулық сақтау министрлігі, меншiк нысандарына қарамастан бұқара. лық ақпарат құралдары 9. Халықтың білімiн және жыныс 1996- Қазақстан Респуб. тәрбиесi жөніндегі жұмыстар. 2000 ликасының Денсау. дың тиiмдiлiгiн бағалау жылдар лық сақтау министр. мақсатында халықтың әртүрлi лiгi, Бiлiм топтарына - оқушыларға, министрлігі студенттерге, педагогтарға анкет жүргiзудi қолдану 10. Сауда кәсiпорындарының 1996- Қазақстан Респуб. шығарған өнiмдерiнде, этикет. 2000 ликасының Өнер. каларында, пакеттерiнде жылдар кәсiп және сауда және басқа буып-түйетiн министрлігі, материалдарында СПИД-тiң меншiк нысандарына алдын алу және оған қарсы қарамастан сауда күрес рәмiздерiн бейнелеу кәсiпорындары 11. Шетелге шығып тұратын турис. 1996- Қазақстан Респуб. терге СПИД-тiң алдын алу 2000 ликасының Жастар мәселелерi жөнiнде мiндеттi жылдар iсi, туризм және нұсқамалар өткізу және олар. спорт министрлігі, ды жеке сақтық құралдарымен меншiк нысандарына қамтамасыз ету қарамастан турис. тiк ұйымдар 12. Халықтың белгiлi мақсаттағы 1996- Қазақстан Респуб. ЮНАИД, ЮПДП, топтарының арасында санитар. 2000 ликасының Денсау. ЮНИСЕФ, ДДҰ, лық-ағартушылық, тәрбиелiк, жылдар лық сақтау минис. ЮНЕСКО, ақпараттық-насихаттық трлiгi, министр. ЮНФА, ДБ жұмыстар жүргiзу лiктер мен халықаралық ведомстволар ұйымдармен келісілген медицина қызметкерлерi 1996- Қазақстан Респуб. арнаулы (терi-венеролог, нарколог, 2000 ликасының Денсау. жоспар стоматолог, хирург, акушер- жылдар лық сақтау минис. бойынша гинеколог дәрiгерлер, орта трлiгi, министр. буын медицина қызметкерлерi) лiктер мен үшiн ведомстволар адамдардың мiнез-құлығына 1996- Қазақстан Респуб. белсендi түрде әсер етушi 2000 ликасының Денсау. адамдар - журналистер, жылдар лық сақтау минис. мұғалiмдер, саяси, қоғамдық трлiгi, министр. дiни қайраткерлер, қоғам. лiктер мен дық бiрлестiктер, министр. ведомстволар лiктер мен ведомстволар, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерi үшiн мақсатты ақпарат берудi 1996- Қазақстан Респуб. қажет ететiн контингенттер 2000 ликасының Жастар 15-20 жас аралығындағы жылдар iсi, туризм және сексуалдi-белсендi жастар, спорт министрлігі, бала тууға қабiлетi бар Бiлiм министрлігі, әйелдер, донорлар, шаштараз. Денсаулық сақтау дар, маникюршiлер, жүргiзу. министрлігі, басқа шiлер, туристер, әскери, министрлiктер, қамауда отырған адамдар үшiн ведомстволар зақымдану қаупi аса жоғары 1996- СПИД-тiң алдын алу адамдар - гомосексуалистер, 2000 және оған қарсы күрес биосексуалистер, наркоман. жылдар жөніндегі орталықтар, дар,венерологиялық аурулар, терi-венерология ретсiз жыныс қатынасына диспансерлерi, түсушi, қаңғыбас адамдар наркодиспансерлер
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |