Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қоры туралы ереженi бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1107 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени мұраларының сақталуын, орталықтандырылған есебiн, жинақталуын, зерделенуi мен пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қоры туралы Ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр). 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, қарамағында музей мекемелерi бар министрлiктер мен ведомстволар Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қоры туралы Ереженi басшылыққа алатын болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 наурыздағы № 238 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қоры туралы Ереже
Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қоры туралы Ереже «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi. Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қоры туралы Ереже Қазақстан Республикасының мүддесiне сай қордың құрамын, оны ұйымдастыру, қорғау және пайдалану тәртібін белгiлейдi.
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қоры (бұдан әрi - Ұлттық музей қоры) Қазақстан Республикасының аумағындағы ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, мемлекеттік музейлерде, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қарамағындағы, сондай-ақ қоғамдық негiзде құрылған музейлерде сақталатын тарихи, ғылыми, көркем музейлiк немесе өзге де мәдени құндылығы бар, отандық және дүниежүзiлiк тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң жиынтығын, сондай-ақ табиғи тарихтың коллекциялары мен жекелеген құнды, сирек кездесетiн және бiрегей заттарын құрайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|