Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты төрайымының "Нормативтік
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төраға Ю.А. Ким, Кеңес мүшелері Ж.Д. Бұсырманов, А.Есенжанов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда мына өкілдердің: өтініш субъектісінен - Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрайымы Д.К. Құрманованың; Республика Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасынан - Р.Т. Түсіпбеков және С.С. Ерімбетовтің қатысуымен, өзінің ашық отырысында Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты төрайымының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы өтінішін қарады. Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашы Қ.Ә. Омархановтың хабарын, өтініш субъектісі өкілінің және отырысқа қатысуға шақырылғандардың сөздерін тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады: 1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 1999 жылғы 6 қазанда Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты төрайымының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы келіп түсті. Өтініш беруге Сарыарқа аудандық сотының іс жүргізуінде жатқан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259-бабының бірінші тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін (есірткі заттарды көп мөлшерде заңсыз сатып алу және сақтау) В.П. Колмыковқа айып тағу жөніндегі қылмыстық іс себеп болды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|