|
|
|
Екiншi деңгейдегi банктердегi мемлекеттік акция пакеттерiн басқаруды Банктердегi қаржы тұрақтылығын нығайту, банктердiң жарғылық қорларындағы мемлекет үлесiнiң бақыланбай жұтылып кетуiн болдырмау, аталған мемлекеттік үлеске жекешелендiру жүргiзу үшiн шарт дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. 1995 жылғы 15 наурыздан бастап, мемлекеттік кәсiпорындар мен акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi кәсiпорындардың жұмыс iстеп тұрған және жаңадан құрылған екiншi деңгейдегi банктердiң жарғылық қорына ақша қаражаты мен мүлiктi орналастыруына тыйым салынсын. 2. Екiншi деңгейдегi банктердiң жарғылық қорына акциялардың мемлекеттік бақылау пакеттерiмен қоса, қаражат және мүлiк енгiзген мемлекеттік кәсiпорындар мен кәсiпорындар, екiншi деңгейдегi банктердiң жарғылық қорына енгiзiлген активтер сомаларына кемiтулер жүргiзсiн. Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1996.02.08. № 179 қаулысымен. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бiрлесiп, 1995 жылғы 1 сәуiрге дейiн "Қазагроөнеркәсiпбанк", "Alem Bank Kazakstan", "Қазкредәлеуметбанк", "Тұранбанк" акционерлік банктеріндегі мемлекеттік басқару органдарының үлесiн қайта бағалау туралы ұсынысты осы банктерге олар мамандандырылған мемлекеттіктен акционерлік банк болып қайта өзгертiлген сәтте және содан кейiнгi кезеңде берiлген мемлекеттік мүлiк пен ақша қаражатының нақты құнын қалпына келтiрудi есте ұстай отырып әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзетiн болсын. 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1995 жылғы 1 маусымға дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне акциялардың бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi банктердi ұйымдық қайта өзгерту туралы ұсыныс енгiзсiн. 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бiрлесiп, әрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып, 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне банктердегi мемлекеттiң үлесiн жекешелендiру туралы ұсыныс енгiзсiн. 6. Мемлекеттiң банктердi бақылау кеңестеріндегі өкiлдерiн (мемлекеттiң жарғылық қордағы үлесiне сәйкес) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тағайындайды деп белгiленсiн. 7. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң банктердiң бақылаушы кеңестеріндегі мемлекеттiң өкiлдерiне қатысты мәселелер жөніндегі кейбір шешiмдерiнiң күшi қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес, жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 20 наурыздағы № 304 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң банктердiң бақылаушы кеңестеріндегі мемлекеттiң өкiлдерiне қатысты күшiн жоғалтқан кейбір шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI 1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Тұранбанк" Қазақ акционерлік банкi Басқармасының Төрағасы мен Бақылаушы кеңесi туралы" 1994 жылғы 31 қаңтардағы № 117 қаулысының 2-тармағы. 2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Alem Bank Kazakstan" акционерлік банкi Басқармасының Төрағасы мен Бақылаушы кеңесi туралы" 1994 жылғы 11 сәуірдегі № 366 қаулысының 2-тармағы. 3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазагроөнеркәсiпбанк" акционерлік банкi Басқармасының Төрағасы мен Бақылаушы кеңесi туралы" 1994 жылғы 19 сәуірдегі № 403 қаулысының 2-тармағы. 4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазкредәлеуметбанк" акционерлік банкi Басқармасының Төрағасы мен Бақылаушы кеңесi туралы" 1994 жылғы 21 сәуірдегі № 419 қаулысының 2-тармағы. 5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің акционерлік банктердегi өкiлдерi туралы" 1994 жылғы 10 қарашадағы № 1256 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 45, 490-бап).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |