|
|
|
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жанындағы Шетел мемлекеттерi елшiлiктерiнiң, халықаралық ұйымдары өкiлдерiнiң қызметi үшiн қолайлы жағдай туғызу, мүлiктiк өзара қарым-қатынас пен бюджет қаражатын ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жанындағы Дипломатиялық өкiлдiктермен жұмыс жөніндегі департамент (бұдан әрi - Департамент) 1995 жылғы 1 наурыздан бастап шаруашылық есепке және өзiн өзi қаржыландырылуға көшiрiлсiн. 2. Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсу бойынша Департамент туралы қолданылып жүрген Ережеге тиiстi өзгерістер енгiзiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігімен және Қаржы министрлігімен келiсу бойынша Департамент қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу шарттарын қайта қарайтын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |