|
|
|
"Береке" мемлекеттік акционерлік компаниясын қайта ұйымдастыру Реформаны тереңдету мен экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі Үкiметтiң iс-қимылы Бағдарламасына сәйкес және ет-сүт өнiмдерiнiң, басқа да аса маңызды азық-түлiк түрлерiнiң нарығында бәсекелестiктi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитет: "Береке" мемлекеттік акционерлік компаниясынан компанияға енетiн акционерлік қоғамдарының мемлекеттік мүлiктi және мемлекеттік акция пакетiн иелену, пайдалану әрi басқару құқын қайтарып алсын; мемлекеттiң қатысуымен жаңадан құрылған "Береке" акционерлік компаниясына Алматыдағы (№ 2), Ақмоладағы, Жамбылдағы, Жаңаөзендегi, Жезқазғандағы, Қарағандыдағы, Қызылордадағы, Көкшетаудағы, Павлодардағы, Семейдегi, Талдықорғандағы, Оралдағы, Өскемендегi, Шымкенттегi бөлгiш тоңазытқыштардың негiзiнде құрылған акционерлік қоғамдардың Жарғылық қорының 31 процентi мөлшеріндегі мемлекеттік акция пакетiн басқару құқы берiлсiн. Аталған акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акция пакеттерiнiң, сондай-ақ бұрын "Береке" мемлекеттік акционерлік компаниясына енген басқа да акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акция пакеттерiнiң қалған бөлiгiн өткізу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi; "Береке" мемлекеттік акционерлік компаниясының мүлiктiк құқықтары мен мiндеттемелерiнiң құқықтық мұрагерлiгiн айқындасын; "Береке" мемлекеттік акционерлік компаниясының құрамынан шығарылған акционерлік қоғамдарды жедел басқару туралы мәселенi бiр ай мерзiмде шешетiн болсын. 2. Мемлекеттiң қатысуындағы "Береке" акционерлік қоғамына және бөлгiш тоңазытқыштардың негiзiнде құрылған акционерлік қоғамдарға шарт жағдайымен (мемлекеттік акция пакеттерiнiң бөлiнуiне қарамастан): еттiң, ет консервiлерiнiң, тоң майдың, тиiстi номенклатурадағы және басқа азық-түлiк тауарларының Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған көлемдегi мемлекеттік резервiн сақтау; мал өнiмдерiн әскери және арнаулы тұтынушыларға олардың өтiнiшi мен ресурстарының жай-күйiне сәйкес бiрiншi кезекте өткізу жүктелсiн. 3. Былай деп белгiленсiн: халықты, соның iшiнде дотациядағы аймақтарды қамтамасыз етуге арналған ет, сүт және басқа мал өнiмдерiнiң ресурстары сауда кәсiпорындарының тауар өндiрушiлерден және өткізушi ұйымдардан еркiн сатып алу тәртібімен қалыптастырылады; "Береке" мемлекеттік акционерлік компаниясының орталықтандырылған (директивтi) және шетел тауар кредиттерiн қайтару жөніндегі құқықтық мұрагерлерi мемлекеттiң қатысуындағы "Береке" акционерлік компаниясы, бөлгiш тоңазытқыштар негiзiнде құрылған акционерлік қоғамдар, сондай-ақ бұрын "Береке" мемлекеттік акционерлік компаниясының құрамына енген акционерлік қоғамдар болып табылады, бұлар 1 және 2 қосымшаға сәйкес олардың уақтылы қайтарылуын қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершiлiктi түгелдей мойнына алады. 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі коммерциялық банктермен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасына шетел кредиттерiн тарту жөніндегі жұмысты ретке келтiру жөніндегі шаралар туралы" 1995 жылғы 8 ақпандағы № 139 қаулысының талаптарына сәйкес "Береке" мемлекеттік акционерлік компаниясына және оның құрамына енген акционерлік қоғамдарға бұрын берiлген шет елдiң тауар кредиттерiне қайта ресiмдеу жүргiзiлсiн. 5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Береке" мемлекеттік акционерлік компаниясын құру туралы" 1993 жылғы 30 тамыздағы № 746 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж.,№ 34, 391-құжат) күшi жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 наурыздағы № 350 қаулысына № 1 қосымша Шетелдiк тауар кредитi бойынша алынған тауарлар үшiн төлем жөніндегі берешек -------------------------------------------------------------------- Акционерлік қоғамның атауы |Әлем | Тұранбанк | |Банк |(балалар |Қайтару мерзiмi |Қазақс.|тағамы үшiн| |(құрғақ|АҚШ-тың мың| |сүт үшiн долларымен| |АҚШ-тың| | |доллары. | | мен | | ------------------------------------------------------------------- _____________1___________________|___2___|______3_____|______________ Ақмоланың "Қазетсүтбалықөнеркәсiп. 142,9 1995 жылғы сауда" АҚ 12 шiлде Ақтөбедегi "Береке" АҚ 238,1 1995 жылғы 22 мамыр Шығыс Қазақстандағы "Береке" АҚ 119,1 1995 жылғы 15 наурыз Жамбылдағы "Жомарт" АҚ 142,9 1995 жылғы 3 сәуiр Жезқазғандағы "Ұлан" АҚ 316,7 95,3 1995 жылғы 11 наурыз Қарағандыдағы "Береке" АҚ 47,6 1995 жылғы 11 наурыз 47,6 1995 жылғы 15 наурыз 190,5 1995 жылғы 15 мамыр "Береке" АҚ бойынша жиыны 285,7 Қостанайдағы "Қайсар" АҚ 190,5 1995 жылғы 28 шiлде Маңғыстаудағы "Бірлік" АҚ 119,1 1995 жылғы 3 сәуiр Павлодардағы "Дамир" АҚ 95,3 1995 жылғы 11 наурыз 23,8 1995 жылғы 15 наурыз "Дамир" АҚ бойынша жиыны 119,1 Солтүстiк Қазақстандағы "Азат" АҚ 142,9 1995 жылғы 13 маусым Семейдегi "Азат" АҚ 119,1 1995 жылғы 1 мамыр Талдықорғандағы "Дархан" АҚ 43,6 1995 жылғы 1 мамыр Торғайдағы "Мереке" АҚ 142,9 1995 жылғы 31 мамыр Оңтүстiк Қазақстандағы "Мұғраж" АҚ 71,4 1995 жылғы 3 сәуiр "Мұғраж" АҚ бойынша жиыны 142,9 Екiбастұздағы "Дана" АҚ 119,1 1995 жылғы 18 сәуiр "Береке" мемлекеттік акционерлік 1790,2 1994 жылғы компаниясы 12 қыркүйек Жиыны 2106,9 2163,2 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 наурыздағы № 350 қаулысына № 2 қосымша Орталықтандырылған (директивтi) кредиттер бойынша 1995 жылғы 1 наурыздағы төлем берешегi ------------------------------------------------------------------- Акционерлік қоғамның атауы | Барлығы | Соның | | миллион | iшiнде | Қайтару мерзiмi | теңгемен| кредит | | | үшiн | | | процент| ------------------------------------------------------------------- Алматының "Береке" АҚ 76,3 76,3 1995 жылғы 25 ақпан Алматыдағы "Көмек" АҚ 93,8 39,4 1995 жылғы 25 ақпан Балқаштағы "Береке" АҚ 44,3 20,1 1995 жылғы 25 ақпан Шығыс Қазақстандағы "Береке" АҚ 5,0 5,0 1995 жылғы 25 ақпан Жезқазғандағы "Ұлан" АҚ 16,2 16,2 1995 жылғы 25 ақпан Қарағандыдағы "Береке" АҚ 117,5 61,0 1995 жылғы 25 ақпан Қызылордадағы "Береке"АҚ 14,0 14,0 1995 жылғы 25 ақпан Маңғыстаудағы "Бірлік" АҚ 35,5 17,8 1995 жылғы 25 ақпан Семейдегi "Азат" АҚ 25,5 17,8 1995 жылғы 25 ақпан Оңтүстiк Қазақстандағы 4,4 4,4 1995 жылғы "Мұғраж" АҚ 25 ақпан "Береке" мемлекеттік акционерлік 20,8 10,8 1994 жылғы компаниясы 20 желтоқсан Жиыны 463,3 282,8
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |