|
|
|
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі жанындағы Кәсiптiк-техникалық Жұмысшы кадрларын даярлауды жетiлдiру, жұмыстан босаған қызметкерлер мен жұмыспен қамтылмаған халық арасынан жұмысшылар мен мамандарды қайта даярлау және біліктiлiгiн арттыру, кәсiптiк-техникалық училищелер базасын неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі жанынан Кәсiптiк-техникалық білім беру жөніндегі комитет құрылсын, оның қарамағына барлық кәсiптiк-техникалық оқу орындары және Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Көлiк және коммуникациялар министрлігі жүйесіндегі оларға қызмет көрсететiн мекемелер берiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі жанындағы Кәсiптiк-техникалық білім беру жөніндегі комитеттiң қызметкерлерi штатының саны (күзетсiз, қызмет көрсететiн адамдарсыз) 20 адам болып белгiленсiн, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлігінiң орталық аппаратындағы қызметкерлердi 11 адамға, Ауыл шаруашылығы министрлігінiң орталық аппаратындағы қызметкерлердi 3 адамға қысқарту есебiнен алынсын. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі жанындағы Кәсiптiк-техникалық білім беру жөніндегі комитеттi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын төраға басқарады. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі жанындағы Кәсiптiк-техникалық білім беру жөніндегі комитетке Комитет төрағасының I орынбасарын, сондай-ақ құрамы 7 адамнан алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі жанындағы Кәсiптiк-техникалық білім беру жөніндегі комитетке қызмет бабындағы 2 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 3. Кәсiптiк-техникалық оқу орындарын және оларға қызмет көрсететiн мекемелердi қаржыландырудың қолданылып жүрген тәртібі сақталсын. Жұмыссыз жүрген адамдарды қайта оқыту Қазақстан Республикасының Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік қоры есебiнен жүзеге асырылсын. 4. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі жанындағы Кәсiптiк-техникалық білім беру жөніндегі комитет төрағасына Комитеттiң орталық аппаратының штаттық кестесiн қызметкерлердiң белгiленген саны және еңбек ақы қоры шегiнде бекіту құқы берiлсiн. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1995 жылға Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі жанындағы Кәсiптiк-техникалық білім беру жөніндегі комитеттiң орталық аппаратына жұмсалатын қажеттi қаржы қарастырсын. 6. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі Қаржы министрлігінiң, Әдiлет министрлігінiң және басқа да мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келісімi бойынша Қазақстан Республикасының еңбек министрлігі жанындағы Кәсiптiк білім беру жөніндегі комитет туралы Ереже әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бекітуiне ұсынсын. Ескерту. 6-тармақта сөздер ауыстырылған - ҚРМК-нiң 1995.07.07. № 939 қаулысымен. 7. Облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерi құрылатын білім департаменттерi құрамында кәсiптiк-техникалық оқу орындарын және оларға қызмет көрсететiн мекемелердi басқаратын қаржылық және шаруашылық дербестiгi бар тиiстi басқармалар ұйымдастырсын Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң 1995.07.07. № 939 қаулысымен. 8. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі жанындағы Кәсiптiк-техникалық білім беру жөніндегі комитет өзiне бағынысты кәсiптiк-техникалық оқу орындарында жұмысшылар мен мамандар даярлауды, қайта даярлауды және біліктiлiгiн арттыруды шарттық негiзде еңбек рыногының қажетiне сәйкес, сонымен бiрге осы оқу орындарындағы даярлық нышанын, сондай-ақ олардың жұмысшы кадрлары арнайы әзiрленiп жатқан кәсiпорындармен және ұйымдармен байланысын сақтай отырып қамтамасыз етсiн. Жергiлiктi өкiмет пен басқару органдары, кәсiпорындар мен ұйымдар кәсiптiк-техникалық оқу орындарын материалдық ресурстармен, жер учаскелерiмен және басқа оқыту құралдарымен қамтамасыз етудi көздесiн, сондай-ақ осы оқу орындарының оқушылары өндiрiстiк практикадан өтуi үшiн қажеттi жағдайлар жасайтын болсын. 9. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі жанындағы Кәсiптiк-техникалық білім беру жөніндегі комитеттiң өтiнiмi бойынша өндiрiстiк оқыту шеберлерiн, арнайы, жалпы техникалық және жалпы білім беру пәндерiнiң оқытушыларын даярлауды өрiстетсiн. 10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі жанындағы Кәсiптiк-техникалық білім беру жөніндегі комитеттi қажеттi қызметтiк үй-жаймен және мүлiкпен қамтамасыз етсiн. 11. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі жанындағы Кәсiптiк-техникалық білім беру жөніндегі комитетке оның өтiнiмi бойынша қажеттi телефон номерлерi мен үкiметтiк байланыс номерлерiн бөлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |