|
|
|
Азиялық Даму Банкi Арнаулы көмегiнiң жобасы жөніндегі кәдiмгi Азиялық Даму Банкi Арнаулы көмегiнiң жобасы жөніндегі кәдiмгi операция займы қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. 20,0 (жиырма) млн. АҚШ доллары займы туралы Келісімге қол қою сәтiнде жасалған 13472000 SDR (валюта пулы) сомасында тапшылығы алдын ала айқындалған импорт үшiн қаражат бөлу қосымшаға сәйкес бекітілсiн. SDR (валюта пулы) бағамы өзгерген сайын тапшылықты импорт құраластарының құны да өзгеретiнiн ескеру қажет. 2. Займ қаражатының түсуi мен пайдаланылуы республикалық бюджет арқылы жүзеге асырылатын болып белгiленсiн. Бөлiнген қаражаттың орынды және тиiмдi пайдаланылуына, сондай-ақ оларды дер кезiнде өтеу жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен осы займ қаражатына тауар алушылар болып табылатын ұйымдарға жүктеледi. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен және займды сатуға қатысушы ұйымдармен бiрлесiп, займ қаражатын қайтару тетiгiн әзiрлеп, бекiтсiн; осы займды өтеу кестесiне сәйкес 1995 жылдың басынан бастап жыл сайынғы бюджет жобасында проценттер төлеуге, ал 2005 жылдан бастап - проценттер мен негiзгi борышты өтеуге қажеттi қаржы көздейтiн болсын; осы займ қаражатының мақсатты жұмсалуына қажеттi тексерулердi жүзеге асырсын. 4. Қазақстан Републикасының Денсаулық сақтау министрлігі: бiр ай мерзiм iшiнде займ қаражатына дәрi-дәрмектердi негiзгi алушыларды анықтау үшiн "Фармация" АҚ қатысушылары арасында тендер өткiзсiн, тендер нәтижесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiссiн; займ сатуға қатысушы ұйымдармен бiрлесiп, келесi есептi айдың 10-күнiне дейiнгi мерзiмде займ қаражатын пайдалану барысы туралы тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөніндегі комитет пен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне есеп беретiн болсын. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөніндегі комитет: займ сатуды жалпы үйлестiру мен Халықаралық Қайта жаңғырту және Даму Банкінің ережелерiне сәйкес тауарлар сатып алуға бақылау жасасын; займ қаражатын пайдалану есебiн жүзеге асырсын және осы мәселе бойынша есептеудi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Азиялық Даму Банкiне ұсынатын болсын. ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.20. № 1031 қаулысымен. 6. Қазақстанның мемлекеттік Даму банкi займ бойынша төлемдердi жүзеге асырсын, ай сайын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының сыртқы борышының жиынтық есебi үшiн займ қаражатын пайдалану туралы есеп беретiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 тамыздағы № 1083 қаулысына қосымша Азиялық Даму Банкi Арнаулы көмегiнiң жобасы жөніндегі кәдiмгi операция займы қаражатын бөлу ___________________________________________________________________ Жауапты ұйымдар | Мақсаты | Құны | | (млн. АҚШ доллары) ____________________________________________________________________ Денсаулық сақтау | | министрлігі | | | | Алушыны Денсаулық сақтау | Дәрi-дәрмектер | 10,0 министрлігі айқындайтын | | болады | | "Медтехника" акционерлік| Медициналық | 9,5 қоғамы | жабдықтар | "Техмед" акционерлік | Медициналық | 0,5 қоғамы |жабдықтарға босалқы | |бөлшектер | | | | | | Барлығы | 20,0
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |