|
|
|
«Балқашмыс» акционерлік қоғамын құру және оның мемлекеттік акциялар (1997.16.01. берілген өзгерістерімен)
Әлемдiк нарықта бәсекелесу қаблеттi мыс пен мыс өнiмдерiн өндiру жөнiнде шаруашылық серiктестiк құру, сондай-ақ оның дамуы үшiн инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Жаңадан құрылған «Балқашмыс» акционерлік қоғамына қосылу арқылы өздерiнiң қайта ұйымдастырылуы туралы «Шилiсай»,»Көктау» акционерлік қоғамдарының жалпы жиналыстарының шешiмiне келісім берiлсiн. 2. Құрамына салынып жатқан «Бозшакөл» тау-кен комбинатын «Шилiсай» және «Көктау» акционерлік қоғамдарын, сондай-ақ, Балқаш жылу электр станциясын қосып, «Балхашмедь» өндiрiстiк бiрлестiгiнiң базасында «Балқашмыс» ашық тұрпатты акционерлік қоғамы құрылсын. 3. «Балқашмыс» акционерлік қоғамы «Балхашмедь» өндiрiстiк бiрлестiгiнiң салынып жатқан «Бозшакөл» тау-кен комбинатының,»Шилiсай», «Көктау» акционерлік қоғамдарының, Балқаш жылу электр станциясының құқықтары мен мiндеттерiн қабылдаған құқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқаружөніндегі мемлекеттік комитетi: 1995 жылдың 1 шiлдесіндегі жағдайы бойынша салынып жатқан «Бозшакөл» тау-кен комбинатының,»Шилiсай», «Көктау» акционерлік қоғамдарының және Балқаш жылу электр станциясының негiзгi қорларына қайта бағалау жүргiзсiн; "Балхашмедь" өндiрiсiтiк бiрлестiгiнiң, салынып жатқан «Бозшакөл» тау-кен комбинатының, «Шилiсай», «Көктау» акционерлік қоғамдарының және Балқаш жылу электр станциясының негiзгi қорларын, айналымдағы қаржысын және басқа да мүлiктiк құқықтарын құрылтайшылық жарна ретiнде «Балқашмыс» акционерлік қоғамының жарғы қорына қосу туралы мәселе қайта бағалаудың нәтижесi бойынша шешiлсiн; «Балқашмыс» акционерлік қоғамының жарғысы және Байқаушы кеңесiнiң құрамы бойынша ұсыныстар бiр ай мерзiмде әзiрленiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бекiтуге енгiзiлсiн. 5. ҚР Үкіметінiң 1997.16.01. № 80 қаулысымен күші жойылды ҚР Үкіметінiң 1997.16.01. № 80 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Жекешелендiрудiң бiрiншi кезеңiнде сатылуға жататын "Балқашмыс" акционерлік қоғамының акцияларын бөлудiң мынадай тәртібін конкурстық комиссия қарастырсын: "Балқашмыс" акционерлік қоғамының еңбек ұжымына 10 процентi; купондық акциондарда инвестициялық жекелендiру қорларына сату үшiн 5 процентi. 7. Балқаш жылу электр станциясы "Қазақстан Республикасының электр энергетика саласын басқарудың құрылымын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1033 қаулысымен құрылған "Қарағандаэнерго" Қарағанды электр энергетика жүйесiнiң құрамынан шығарылсын. 8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi және Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі бiр ай мерзiмде Балқаш жылу электр станциясының негiзгi қорларын, айналымдағы қаржысын және басқа да мүлiктiк құқықтарын "Балқашмыс" акционерлік қоғамының жарғы қорына берсiн. 9. Әдiлет министрлігі осы қаулыға қайшы келетiн үкiмет шешiмдерiнiң күшiн жою туралы ұсыныс әзiрлесiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 11 тамыздағы № 1118 қаулысына Қосымша
«Балқашмыс» АҚ мемлекеттік акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн сату және шетелдiк инвестицияларды тарту бойынша шаралар кешенiн әзiрлеу және жүргiзу жөніндегі конурстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Сапарбаев Б.М. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Аппаратының Басшысы (төраға) Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы (төрағаның орынбасары)
Комиссияның мүшелерi:
Өтепов Э.К. - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы Дәукеев С.Ж. - Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрi Адасбаев Е.А. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Аппараты Экономикалық саясат бөлiмiнiң аға референтi Жәркенов М.И. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі базалық салалар бас басқармасының бастығы Мыңбаев С.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Мұртазаев М.А. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрiнiң орынбасары Мәдиев Б.М. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жеке жобалар бойынша жекешелендiру басқармасының бастығы Төлебаев Р.А. - "Балхашмедь" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң бас Директоры
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |