|
|
|
Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, Республика Үкіметінiң Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "1996 жылғы 25 қаңтардағы жағдай бойынша министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, Республика Үкіметінiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар кадрларының құрамы мен орын ауыстырушылығы туралы" Үкiмет Аппараты Кадр жұмысы бөлiмiнiң жазбасы назарға алынсын. 2. Министрлер, мемлекеттік комитеттердiң төрағалары, Республика Үкіметінiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшылары, Үкiмет аппаратының Басшысы "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығынан туындайтын кадр жұмысының талап деңгейiнде қалыптасуын, республика атқарушы органдары жүйесіндегі мемлекеттік қызметшiлердiң кадр мүмкiншiлiктерiн еселеудi қамтамасыз ету, жiберiлген кемшiлiктердi жою жөнiнде нақты шаралар қолдансын. 3. Қазақстан Республикасының еңбек, қаржы, әдiлет, экономика халықты әлеуметтiк қорғау, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау министрлерi, Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы, Үкiмет Аппаратының кадр жұмысы, қаржы, еңбек, және ақша айналысы, заң, аграрлық, сектордағы реформалар, әлеуметтiк-мәдени даму, қаржы-шаруашылық бөлiмдерiнiң меңгерушiлерi "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 15 қаңтардағы № 17 өкімі негiзiнде анықталған нормативтiк құжаттардың белгiленген мерзiмде әзiрленуiн қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |