|
|
|
Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясы туралы Қазақстан Республикасы Үкiмет Басшыларының Кеңесiмен мақұлданған Көпфункционалды "Мир" телерадиохабарларын таратудың спутниктiк жүйесiнiң жобасы бойынша "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының (бұдан былай - "Мир" МТРК) Қазақстан филиалының материалдық-техникалық базасын құру мақсатында және Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1994 жылғы 26 желтоқсандағы № 520 өкімінiң негiзiнде: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi және "Қазақстан Теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясы бiр апта мерзiм iшiнде "Мир" Мемлекетаралық телерадиокомпаниясына (Қазақстан) құрылтайшы мемлекеттiң үлестiк жарнасы есебiнен Республика алаңындағы 13-үйден ауданы 700 шаршы метрге дейiн қызметтiк үй-жайлар беретiн болсын. 2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Қазақстан Эксимбанкi: "Мир" МТРК жобасын Қазақстан Республикасына 1995 жылы берiлетiн "Жұмсақ" кредиттiк желiлердiң бiрiне қосуға жәрдем жасасын; Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен бiрлесе отырып, бiр ай мерзiм iшiнде "Мир" МТРК жобасына сараптама жасасын және тиiстi қорытындысын берсiн. 3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі өткiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша аталған Жобаның Қазақстанға қатысты бөлiгiн 1995 жылғы маңыздылығы басым жобалардың индикативтi тiзбесiне қоссын. 4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлік компаниясы "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясына (Қазақстан) бөлiнетiн үйге республиканың бюджеттік ұйымдары үшiн белгiленген шарттар бойынша қалалық және үкiметтiк (2-ҮАТС) телефон, халықаралық факсимилдi байланыс орнататын болсын. 5. Өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының ТМД iстерi жөніндегі бөлiмiне жүктелсiн. Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |