|
|
|
Айдабол спирт зауытының қызметiн тұрақтандыру жөніндегі шаралар Айдабол спирт зауытының қызметiн тұрақтандыру, бәсекелестiк қабiлетiн арттыру, инвестициялардың түсуiн, өндiрiстi әлемдiк технологиялар мен басқару әдiстерi деңгейiнде ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Акцепт" ЖШС фирмасы ұсынған Айдабол спирт зауытын басқару және дамыту бағдарламасы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi осы қаулы қабылданғанға дейiн жасалған мәмiлелер бойынша қаржы мәселелерiн реттеудi қарастырып Айдабол спирт зауытын басқаруға беру туралы "Акцепт" ЖШС фирмасымен шарт жасасын. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi кәсiпорынды басқару туралы шарттың ережелерiнiң орындалуына бақылау жасау бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өкiлiн тағайындап, оған осы қаулыны жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттік органдардың қызметiн басқару туралы шарттың ережелерiнiң орындалуына пәрмендi бақылауды қамтамасыз ету жүйесiн үйлестiру жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |