|
|
|
Шығыс Қазақстан облысының түстi металлургия кәсiпорындарын дағдарыстан Шығыс Қазақстан облысының қорғасын-мырыш салалық кәсiпорындарын қаржылық-экономикалық сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi мына акционерлік қоғамдар: "Зырян қорғасын комбинаты" 85 процентi, "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" - 52,3 процентi және "Лениногор полиметалл комбинаты" - 69,3 процентi мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеттерiн "RIDDER INYEST" инвестициялық компаниясының сырттай басқаруына берсiн. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасына "Зырян қорғасын комбинаты", "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты", "Лениногор полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамдарының жарғылық қорынан акцияларының 51 процентi мөлшерiнде кепiлдiктi жүзеге асыруға құқық бере отырып, инвестицияларды тартудың кепiлдiгi ретiнде "RIDDER INYEST" инвестициялық компаниясымен сырттай басқаруға жасасқан контрактiге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қою өкiлеттiгi берiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және жоғарыда аталған акционерлік қоғамдардың кредиторларымен бiрлесiп кредиттiк берешектердi өтеудiң мерзiмi мен кестесiн айқындасын. 4. 5. Ескерту. 4, 5-тармақтардың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.11.29. № 1453 қаулысымен. 6. "RIDDER INYEST" инвестициялық компаниясы Өскемен, Лениногор, Зырян қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп бiр апта мерзiм iшiнде "Зырян қорғасын комбинаты", "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты", "Лениногор полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамдарының әкiмдер балансына беруге жататын әлеуметтiк сала объектiлерiнiң тiзбесiн айқындасын және бiр ай мерзiм iшiнде оларды беру сәтiнде жұмыс iстеп тұрған жағдайда берудi жүзеге асырсын. Шығыс Қазақстан облысының әкімі қабылданған әлеуметтiк сала объектiлерiн қаржыландыру мәселесiн оларды оңтайландыруды ескере отырып шешсiн. 7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бiр ай мерзiм iшiнде жоғарыда аталған акционерлік қоғамдарға қосылған құнға салынатын салықты өтеу тетiгiн әзiрлесiн. 8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Малеев кенiшiнiң құрылысына және "Долинное" кен орнын әзiрлеуге арналған инвестициялық жобаны 1996-1998 жылдарға арналған инвестициялық басым объектiлер тiзбесiне енгiзсiн. 9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамын қаржылық сауықтыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 15 қарашадағы № 1534 қаулысының 8-тармағында көрсетiлген объектiлердi берудi, кiрпiш зауытын салу кезiнде жинақталған берешектердi өтеудi ескере отырып, аяқтасын. 10. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, Шығыс Қазақстан облысының әкімі бiр ай мерзiмде Үкiметке Өскемен қаласындағы емдеу-сауықтыру кешенiн салу кезiнде жинақталған, орындалған жұмыстар бойынша борыштарды толық өтеу және оның құрылысын жалғастырудың мақсаттылығы туралы ұсыныс енгiзсiн. 11. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі "Долинное" кен орнын әзiрлеуге арналған лицензияны "Лениногор полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамына белгiленген тәртiппен ресiмдесiн. 12. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі, Өнеркәсiп және сауда министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімі және "RIDDER INYEST" инвестициялық компаниясының басшылары бiр ай мерзiм iшiнде жоғарыда аталған акционерлік қоғамдарының босатылған қызметкерлерiн жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламасын әзiрлеп, бекiтсiн. Босатылған қызметкерлердi кәсiби даярлауға және қайта даярлауға байланысты шараларды қаржыландыру Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттік қорының қаражаты есебiнен жүзеге асырылсын. 13. "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамын қаржылық сауықтыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 15 қарашадағы № 1534 қаулысының 2, 3, 4-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын. 14. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi Г.Г. Штойкке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |