|
|
|
Ресей Федерациясына жалға берiлген «Байқоңыр» кешенiнiң жер учаскелерiн пайдалану тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында Келісім жасау туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi ұсынған, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен, Сыртқы iстер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік комитетiмен, Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгiмен келісілген Россия Федерациясына берiлген «Байқоңыр» кешенiнiң жер учаскелерiн пайдалану тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Келісім жобасы мақұлдансын (қоса берiлiп отыр). 2. Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы Оспанов Бақыт Сағындықұлына Россия Тарапымен келiссөз жүргiзу және қол жеткен уағдаластық бойынша қоса берiлiп отырған жобаға қағидалық сипаты жоқ өзгертулер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан аталған Келісімге қол қою тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |