|
|
|
Республикалық бюджеттiң 1995 жылы жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
"1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 15 наурыздағы Заң күшi бар № 2120 Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заң күшi бар № 2371 Жарлығын орындау үшiн 1995 жылы жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігінiң 1995 жылы республикалық бюджетте жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға арналып көзделген 2622813 мың (екi миллиард алты жүз жиырма екi миллион сегiз жүз он үш мың) теңге мөлшерiнде қаражат бөлу туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Республиканың облыстары мен Алматы қаласы бойынша 1995 жылға арналған: халықтық әлеуметтiк қорғалатын бөлiгi үшiн мемлекеттік тұрғын үй құрылысына арналған күрделi қаржының көлемi 1-қосымшаға сәйкес; 10 және одан да көп жыл тұрғын үй алудың кезегiнде тұрған отбасыларына өтеусiз дотацияның көлемi 2-қосымшаға сәйкес; құрылыс салуға ұзақ мерзiмдi кредит беруге немесе мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден алынған қаражат есебiнен азаматтардың тұрғын үй алуына арналған ресурстардың көлемi 3-қосымшаға сәйкес; коммуналдық шаруашылық объектiлерiнiң құрылысына арналған күрделi қаржының көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі мен Еңбек министрлігінiң өзiнiң тарихи отанына оралған қоныс аударушылардың отбасыларын орналастыруға арнап облыстар мен Алматы қаласы бойынша қаржының көлемiн Қазақстан Республикасының Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мемлекеттік қорының қаражаты есебiнен 5-қосымшаға сәйкес бөлу туралы ұсынысы қабылдансын. 4. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік банкiмен не мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен бiрлесiп, осы қаулының 1-5 қосымшаларында көзделген қаражатты тиiмдi игеру мен мақсатты пайдалану жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі осы жұмыстарды жалпы үйлестiрудi қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi осы қаулыда көзделген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау орнатсын және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне мезгiл-мезгiл хабарлап отырсын. ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.20. № 1031 қаулысымен. 6. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi осы қаулымен көзделген тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық объектiлерi құрылысының жүргiзiлу барысы туралы ақпараттың ай сайын берiлiп тұруын қамтамасыз етсiн. 7. "1995 жылы жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыру үшiн республикалық бюджетте көзделген қаржыны пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 маусымдағы № 773 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 6 қазандағы № 1310 қаулысына 1-қосымша Халықтың әлеуметтiк қорғалатын бөлiгi үшiн 1995 жылы мемлекеттік тұрғын үй құрылысына арналған күрделi қаржының көлемi /мың теңге/ Барлығы 398363 Оның iшiнде облыстар бойынша: Ақмола 32519 Ақтөбе 15515 Алматы 5457 Атырау 13664 Шығыс Қазақстан 26500 Жамбыл 12824 Жезқазған 10564 Батыс Қазақстан 19016 Қарағанды 24859 Қызылорда 13711 Көкшетау 11336 Қостанай 33929 Маңғыстау 17755 Павлодар 17283 Солтүстiк Қазақстан 10663 Семей 25517 Талдықорған 13823 Торғай 6065 Оңтүстiк Қазақстан 22510 Алматы қаласы 64853 Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1995 жылғы 5 маусымдағы № 204-ө-28 қ. көзделген көлемдер ескерiлсiн. Ескертпе: Объектiлер мен тапсырыс берушiлердiң тiзбесiн облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Экономминiнiң және Қаржыминiнiң келiсуi бойынша Қазақстан Республикасы Құрылысминiнiң бекiтуiне ұсынады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 6 қазандағы № 1310 қаулысына 2-қосымша 10 және одан да көп жыл тұрғын үй алу кезегiнде тұрған отбасыларына 1995 жылғы өтеусiз дотацияның көлемi /мың теңге/ Барлығы 76950 Оның iшiнде облыстар бойынша: Ақмола 12296 Ақтөбе 4571 Алматы 508 Атырау 878 Шығыс Қазақстан 7733 Жамбыл 824 Жезқазған 2309 Батыс Қазақстан 7681 Қарағанды 3855 Қызылорда 539 Көкшетау 2670 Қостанай 3578 Маңғыстау 2855 Павлодар 2193 Солтүстiк Қазақстан 8471 Семей 4109 Талдықорған 1031 Торғай 377 Оңтүстiк Қазақстан 3416 Алматы қаласы 7056 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 6 қазандағы № 1310 қаулысына 3-қосымша Құрылыс салуға ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi кредит беруге немесе мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден алынған қаражат есебiнен азаматтардың тұрғын үй алуына арналған ресурстардың 1995 жылғы көлемi /мың теңге/ Барлығы 1960000 Оның iшiнде облыстар бойынша: Ақмола 170718 Ақтөбе 64792 Алматы 43990 Атырау 21190 Шығыс Қазақстан 122898 Жамбыл 204355 Жезқазған 122583 Батыс Қазақстан 86847 Қарағанды 62617 Қызылорда 75391 Көкшетау 35772 Қостанай 94300 Маңғыстау 38848 Павлодар 91683 Солтүстiк Қазақстан 146860 Семей 74515 Талдықорған 128196 Торғай 7774 Оңтүстiк Қазақстан 67925 Алматы қаласы 288746 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 6 қазандағы № 1310 қаулысына 4-қосымша Коммуналдық шаруашылық объектiлерiн салуға арналған 1995 жылғы күрделi қаржының көлемi _______________________________________________________________ Тапсырыс берушi, объектiнiң|Өлшем |Қуаты|Күшiне |күрделi қаржы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |