|
|
|
Соколов-Сарыбай кен-байыту өндiрiстiк бiрлестiгiне инвестиция Мемлекеттік иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II-кезең) Ұлттық бағдарламасына сәйкес және темір-руда өнiмдерi өндiрiсiне iрi ауқымдағы инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi: 1995 жылғы 1 қарашаға қарай Соколов-Сарыбай кен-байыту өндiрiстiк бiрлестiгiнiң негiзiнде ашық тұрпаттағы акционерлік қоғам құруды аяқтасын; Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаты өндiрiстiк бiрлестiгiн акционерлендiрудi аяқтағаннан кейiн оның Жарғылық қорындағы акциялардың 20 процентiн сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiне берсiн; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi мен "Айведон Интернейшнл Лтд." фирмасының арасындағы осы қаулыны жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн 1995 жылғы 14 ақпандағы № 3/95 басқару туралы шартқа қажеттi толықтырулар енгiзсiн. 2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi Соколов-Сарыбай кен-байыту өндiрiстiк бiрлестiгiнiң негiзiнде құрылатын акционерлік қоғамның Жарғылық қорындағы акциялардың 20 процентiн айқындалған инвестор - "Айведон Интернейшнл Лтд." фирмасының басқарушысына келісілген шартпен өткiзiлсiн. Аталған акциялардың мемлекеттік пакетiн сатуды: негiзгi қорды қайта бағалауды, шығарылған өнiмге сұранымды, оның бәсекелестiк қабiлетiн, өндiрiстiң рентабелдiлiгiн, кәсiпорынның даму перспективасын, әлемдiк бағаның деңгейiн және басқа факторларды ескере отырып жүзеге асырсын. Осы жұмысқа тәуелсiз аудиторлық фирмаларды тартсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |