|
|
|
Бюджет қарыздары бойынша есептеме жасау туралы Қазақстан Республикасы Бюджеттік мекемелердiң жылу мен электр энергиясы үшiн жинақталып қалған берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бюджетке төлемдерi бойынша төменде аталған шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен республикалық бюджет арасындағы жалпы сомасы 516,0 (бес жүз он алты) млн. теңге берешекке бiржолғы есептеме жасайтын болсын, оның iшiнде: директивалық кредиттер бойынша "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттік акционерлік қоғамына 137 (жүз отыз жетi) млн. теңге, Экономиканы жаңғырту қорына - 95 (тоқсан бес) млн. теңге және Жер қойнауын қорғау мен минералдық-шикiзат базасын ұлғайту қорына - 70 (жетпiс) млн. теңге есептеме жасасын; Экономиканы жаңғырту қоры бойынша Тың темір жолы басқармасына - 160 (жүз алпыс) млн. теңге есептеме жасасын; директивалық кредиттер бойынша "Алтайэнерго" электр энергиясы жөніндегі өндiрiстiк бiрлестiгiне - 37 (отыз жетi) млн. теңге есептеме жасасын; Экономиканы жаңғырту қоры бойынша Алматы темір жол басқармасына - 17 (он жетi) млн. теңге есептеме жасасын; қаржыландыру кезiнде "Қазақстанэнерго" мемлекеттік электр энергиясы компаниясы жүйесiнiң кәсiпорындары 1995 жылдың 1 қазанына дейiн оларға берген жылуы мен электр энергиясы үшiн мыналарға қарасты бюджеттік мекемелердiң берешегiне: Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне - 120 (жүз жиырма) млн. теңге сомасында, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне - 238 (екi жүз отыз сегiз) млн. теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне - 12 (он екi) млн. теңге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара күзетi жөніндегі мемлекеттік комитетiне - 120 (жүз жиырма) млн. теңге, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабына - 12 (он екi) млн. теңге, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетiне - 5 (бес) млн. теңге және Қазақстан Республикасының Білім министрлігіне - 9 (тоғыз) млн. теңге, аталған сомаларды бюджеттiң кiрiсi мен шығысы бөлiктерiнде көрсете отырып, есептеме жасасын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |