|
|
|
Мұнай-газ саласы кәсiпорындарын жекешелендiру туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1135 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 659 қаулысына сәйкес және мұнай-газ саласы кәсiпорындарын жекешелендiрудi тездетiп жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi белгiленген тәртiппен "Актюбинскнефть" "Южнефтегаз" және "Шымкентнефтеоргсинтез" акционерлік қоғамдарын жекешелендiру туралы мәселенi, сондай-ақ олардың осы аталған серiктестiктердiң қатысуымен құрылған бiрлестiктердiң жарғылық қорларына салымдарындағы құқықтық мұрагерлiгi мәселелерiн шешетiн болсын. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1995 жылғы 24 тамыздағы № 310 өкімімен құрылған мұнай-газ саласы кәсiпорындарын жекешелендiру жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігімен бiрлесiп екi апта мерзiмде тендер өткізу шарттары мен мерзiмiн әзiрлеп, тендер күнiн 1995 жылғы 20 желтоқсаннан бастауды көздей отырып, жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар туралы ақпараттық меморандумды даярлап, оны тендер процесiне қатысушыларға жiберудi қамтамасыз ететiн болсын. 3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi осы аталған акционерлік қоғамдарды жеке жоба бойынша жекешелендiретiн болсын. 4. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі мен Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі таңдап алынған консультанттардың мұнай-газ саласының осы аталған кәсiпорындарын жекешелендiру процесiн жүзеге асыруы үшiн Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы қажеттi ақпарат алуына жәрдемдесетiн болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |