|
|
|
"Павлодартрактор" акционерлік қоғамын қаржылай сауықтандыру процедуралары
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында 1996 жылғы көктемгi егiс жұмыстары үшiн тракторлардың шығарылуын қамтамасыз ету және "Павлодартрактор" акционерлік қоғамын қаржылай-экономикалық сауықтандыру жөніндегі бiрiншi кезектегi шараларды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына сәйкес "Павлодартрактор" акционерлік қоғамы мен оның құрамына кiретiн кәсiпорындар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкінің қызмет көрсетуiне берiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi "Павлодартрактор" акционерлік қоғамы мен оның құрамына кiретiн кәсiпорындардың мемлекеттік акциялар пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқықтарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiне берсiн. 3. Төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға консультация беру жөніндегі республикалық орталық, мемлекеттік медетшi банк және "Павлодартрактор" акционерлік қоғамы "Павлодартрактор" акционерлік қоғамын қаржылай-экономикалық сауықтыру және қайта ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 3 қарашадағы № 1446 қаулысына сәйкес құрылған, қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұсынған бiрiншi кезектегi жоспардың негiзiнде қайта құру процедураларын (сауықтыру) жүргiзудiң жеке жоспарын әзiрлесiн. 4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкi "Павлодартрактор" акционерлік қоғамын қалпына келтiру жөніндегі шаралардың қаржыландырылуын өзара келісілген кесте бойынша қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Павлодартрактор" акционерлік қоғамының директивтi және басқа да бюджеттен бөлiнген кредиттерiн өтеу жөніндегі ұсыныстарын енгiзсiн. 6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Кең дала" акционерлік қоғамы "Павлодартрактор" акционерлік қоғамынан тракторларды лизинг негiзiнде сатып алудың шарттарын әзiрлесiн. 7. Ақшалай қаражаттың пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік медетшi банкiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |