|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 3378 Жарлығын жүзеге асыру және компанияның Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы мүдделерiн қорғау жөніндегі тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуi мақсатында, сондай-ақ "Ембiмұнайгаз" және "Атырау МӨЗ" акционерлік қоғамдарының жекешелендiру жөніндегі тендерлердiң тоқтатылуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енiзiлсiн: "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлік қоғамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 24 наурыздағы № 410 қаулысына : аталған қаулының 1-қосымшасына: "Жетiбай-Куэст" ЖШС 50" деген жол алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Ембiмұнайгаз" АҚ 85 "Теңiзмұнайгаз" АҚ 85"; "Арман" ЖШС 50 "Қараққұдықмұнай" АҚ 40"; деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Арман" ЖШС 35 "Қараққұдықмұнай" АҚ 20"; аталған қаулының 2-қосымшасына: мына жолдар алынып тасталсын: "Ембiмұнайгаз" АҚ, Атырау қаласы 85 25 "Теңiзмұнайгаз" АҚ, Құлсары құп. 85 85"; "Атырау МӨЗ" АҚ, Атырау қаласы 53,2 -"; деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Атырау МӨЗ" АҚ, Атырау қаласы 53,1 53,1" ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. № 1504 қаулысымен. 2. Берiлген "Ембiмұнайгаз" және "Теңiзмұнайгаз" акционерлік қоғамдарының акцияларын Қазақстан Республикасының ашық қор рыногында 1998 жылы қаражатты бюджетке қайтара отырып сату көзделсiн. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесе отырып "Тельф АГ" Швейцария фирмасына "Атырау МӨЗ" акционерлік қоғамы акцияларының 12,1 проценттiк сатып алу-сату шартының күшi жойылған деп тану туралы белгiленген тәртiппен сотқа талап қоятын болсын. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi осы қаулының жүзеге асырылуы жөнiнде шаралар қабылдасын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |