|
|
|
«Қазақстан Республикасында зейнетақы төлеу жөніндегі берешектердi
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
«Зейнетақылар мен еңбекақыны уақтылы төлеудi қамтамасыз ету жөніндегі бiрiншi кезектегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 сәуірдегі № 3446 Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 15, 113-құжат) зейнетақы төлеу жөніндегі берешектердi 1998 жылдың 1 қаңтарынан кешiктiрмей өтеу көзделген бөлiгiнде одан әрi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджеттен зейнетақы төлеу жөніндегі берешектердi өтеуге трансферттер бөлудiң кестесiн бекiтсiн. 2. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Қаржы министрлігімен, Экономика және сауда министрлігімен, Әдiлет министрлігімен келісім бойынша 1997 жылға арналған республикалық бюджеттiң тиiстi өзгерiстерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының үстiмiздегi жылға арналған бюджетiн нақтыласын және Үкiметке 1997 жылдың 30 маусымына дейiн мерзiмде осы мәселе жөніндегі қаулының жобасын енгiзсiн. 3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi: жергiлiктi қаржы органдарының басшыларына 1997 жылдың 1 шiлдесіндегі жағдай бойынша қалыптасқан зейнетақы төлеу жөніндегі берешектердi өтеу жөнiнде шаралар қолдануды мiндеттесiн; 1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап тауарлық-материалдық құндылықтарды халықты әлеуметтiк қорғау органдарына бере отырып, зейнетақыларды жеткiзу қызметтерiн таратсын; деректердi Қазақстан Акционерлік халықтық Жинақ Банкінің тиiстi филиалдарына табыс ете отырып, 1997 жылдың 1 шiлдесіндегі жай-күйi бойынша, аудандар мен қалалардың тұрғысында зейнетақы төлеу жөніндегі берешектердiң шамасын нақтыласын; зейнетақы төлеу жөніндегі берешектердi тамақ өнiмдерi және басқа ла тауарлық-материалдық құндылықтар түрiнде өтеу, талондарды - вексельдердi, чек кiтапшаларын және белгiленген тәртiппен рәсiмделмеген басқа да төлем нысандарын пайдалану практикасын тоқтатсын; зейнетақы төлеудi және ағымдағы зейнетақыны төлеу жөніндегі берешектердi өтеудi жариялылық жағдайында жүргiзсiн, зейнеткерлерге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зейнетақы алудың мерзiмдерi мен тәртібі туралы дәл және жедел ақпарат жеткiзсiн; зейнетақы төлеуге байланысты мәселелердi шешудi жедел ұйымдастыруға жәрдемдессiн, қажет болған жағдайларда көлiк бөлуге, зейнетақыларды төлеуге арналған қаражатты күзетуге жәрдем көрсетсiн, зейнетақы төлеу пункттерiн энергиямен жабдықтау мәселелерiн шешсiн. 4. Аймақтарда зейнетақыны уақытында төлеу мәселелерiн шешу үшiн жеке жауаптылық облыстардың әкiмдерiне жүктеледi. 5. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі 1997 жылдың 15 шiлдесiне дейiн мерзiмде облыс әкiмдерiнiң "Зейнетақылар мен еңбекақыны уақтылы төлеудi қамтамасыз ету жөніндегі бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының орындалу барысын атқаруы туралы мәселенi Үкiметтiң қарауына енгiзсiн. 6. Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкi (келісім бойынша) үш күндiк мерзiм iшiнде еңбек және халықты әлеуметтiк қорғаудың барлық ведомстволық бағыныстағы филиалдары мен органдарына Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісілген зейнетақы төлеу жөніндегі берешектердi өтеудiң тәртібін жеткiзсiн. 7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) зейнетақы төлеу жөніндегі берешектердi өтеу кестесiн атқаруы үшiн Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкінің филиалдарын қолма-қол төлеу қаражатының жеткiлiктi мөлшерiмен бiрiншi кезекте қамтамасыз етсiн. 8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі 1997 жылдың 1 шiлдесiне дейiн мерзiмде «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн реформалауды жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлеудiң жоспарын бекіту туралы» қаулының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |