|
|
|
Жалпы iшкi өнiмдi есептеу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Әлеуметтiк-экономикалық дамудың кейбір макроэкономикалық индикаторларын есептеудi ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi: 1. 1995 жылғы 1 қарашадан бастап жалпы iшкi өнiм жөніндегі есептеудi тоқсан сайын жүргiзсiн және оны есептi кезеңнен кейiнгi бiр айдың кешiктiрмей баяндамаларда жарияласын. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Экономикалық реформалар орталығымен келiсе отырып, жалпы iшкi өнiмдi жинақталған есептеудi ай сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Аппаратына ғана ұсынып отырсын. 3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Экономикалық реформалар орталығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Экономикалық саясат бөлiмi жүзеге асырсын. Премьер-министр
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |